Өлең, жыр, ақындар

Жігіт

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 431
Жомарт жанды, сымбатты, мінезге бай,
лезде бұлай емес, лезде олай.
Қоршаған айналасын өзгелерден
қарап тұрсаң түрі де, сыры өзге ұдай,
Биіктетіп, әрқашан қызықтырып,
жақсы, жаңа жайларды тізіп, біліп
орнар жанға бір қырлы, сегіз қырлы
мінезбен, сабырыңды бұзып кіріп
жігіттің төрелері сирек бүгін,
кетсе де біреулерін түйреп мұным,
айтпай-ақ қоя алмадым
кейбірінің
болғанмен сырты әсем, -
күйректігін.
Заңғардай ойы болса, бар білігі,
кем соғар біреуінің арлылығы.
Досым көп деп тапқанын талапайлап,
қаңғырып ақырында қалды бірі.
Көрсетпей әйел жаны сүймес қылық,
қоймайтын әрі-сәрі күй кештіріп
жігіттің сырттандары жібереді-ау
бәрін де ебін тауып, үйлестіріп.
Түсініп, тұрса бәрін ұғып терең,
не екенін лай менен тұнық деген,
қайраңдап қара суда қалмас ешкім,
тереңге кетпессің де сынып кемең.
Жаныңа жағатұғын сан қасиет болмаса —
ол-дағы бір қаңқа сүйек.
Бақытты әйел біткен жүреді ылғи
жігіттің сырттанына арқа сүйеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамара!

  • 0
  • 0

Тамара Асар дейді оны халқы,
Өзі әсем, халқына қымбат нарқы.
Дүниеге келген аңғал көңіл менен,
Шарықтап,

Толық

Таскескенде

  • 0
  • 0

Жөн сұрасып, жалпылдап халді ұғысқан
таныстар мен шу еккен бар дыбыстан
жасырына жылт етіп шыға келіп,
балалығым қарап жүр әр бұрыштан.

Толық

Көңіл мен өмір

  • 0
  • 0

Бас бүтін, мал түгел, тек сенімге ерген,
көңілі жай — сирек болар мұндай кісі.
Сыртынан мығым, бүтін .көрінгенмен, -
бар шығар көп адамның бір қайғысы.

Толық

Қарап көріңіз