Өлең, жыр, ақындар

Кілт пен қиял

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 236
Тербетіп түн мамықтай бесігінде,
теңізіне тыныштық батырады.
Кілт салынған үйімнің есігінде
тіршіліктің бар күші тоқырады...
Бүкіл дүние тып-тыныш, дала түнек,
әрбір есік күзетіп тұр аймағын.
Әрбірінде бардай бір дара тілек,
құпиялар қымтаған шырайларын. . .
Тьш-тыныш әлемдегі шекаралар,
кілт салынған үйлердің есіктері.
... Әрбіреуі күтеді жеке хабар,
әрбірінің өзінше несіптері.
Түн менен кілт шекара салды-дағы,
әр бұрышта жан біткен қалды бұғып.
Бой жазып тек қиялдың арғымағы
шекараның бәрінен қарғыды нық.
Көтерілді қиялдың қанатында
Ізгі ойлар, пәк сезім жігерлі, ашық...
Белгісіз жүрген күйдің санатында
сенімдердің қақпасын жіберді ашып...
Тыныштықты мезгілсіз бұзып түнгі,
тарс етті есік...
қозғалды жүрек кенет.
Жалғыз-ақ үн жүректен сызып нұрды,
қалды тек жанды жалғыз тілек демеп.
Адам үшін мол шаттық,
мол тыныш күн,
бақыт күтіп тұр алда деп сене бер —
қияр ек-ау тамырын қорқыныштың,
кілттенбестей сенімге жетсек егер..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шәрелханның немересіне

  • 0
  • 0

Менің атым сенің-дағы есімің,
Гүлжауһарлар көбейсе егер несі мін!?
Ұрпақтары Қазақ деген бабаның
тербер талай біздейлердің бесігін.

Толық

Ананың тілі

  • 0
  • 2

Сүтіменен анамның бірге сіңген,
Шығартпайтын күй менен жырды есімнен,
Тілімменен жөргекке бірге оранып,
Тілімменен бірге ылғи күн кешіргем...

Толық

Теміржолшылар жыры

  • 0
  • 0

Шежірелі құлан жортқан құм-далам,
белес-белес белдерден қол бұлғаған.
Болат жолдар жер бауырлап төсіңде
Жер-ананың жүрек күйін тыңдаған.

Толық

Қарап көріңіз