Өлең, жыр, ақындар

Менің байлығым

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4791
Кейбіреудің көзі асыл киімде,
Бар мерейі мол жиһазды үйінде.
Мәңгі жолдас болмайды сол дүние,
Қалады олар сол бір жансыз күйінде.
Өзгелерден өзгеше емес ай-күнім,
Аулақ етсін қара бұлтын қайғының.
«Анау жоқ» деп, «мынау жоқ» деп өкінбен,
Достарым ғой ең бір қымбат байлығым...
Көз жұмарын білмес адам қай күні,
Ерте солып қалмаса екен май гүлі.
Алыс жүріп, сағынышпен табысқан,
Айналайын, бауырларым - байлығым.
Бірде жетсе, бірде жетпес айлығым,
«Жолым болмас» десем бір кез «ӘЙ, БҮГІН!»
Менің нәзік қанатымнан демеген
Ауылдағы ағайындар - байлығым.
Жүзіп жүріп дос көңілдің айдынын,
«Жетпейді» деп жар салғаным - қай қылық?
Жетер - жетпес бұл дүниеде ештеңе,
Кең пейілің, дос көңілің - байлығың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балауса сезім

  • 0
  • 0

Балауса сезім, айналып кеткен сағымға,
Жоғалтып ем ғой жеттім бе деген шағымда.
Көңілді құсым дүр етіп ұшып кетті де,
Көңілсіз құсым қонақтап қалды бағымда.

Толық

Пушкин мен дала

  • 0
  • 0

Маңғаз Пушкин маң даланы аңсады,
Жайық бойы болып оның аңсары.
Мүмкін тістеп заманының иттері,
Жалықтырды ұзын-шұбақ дау - шары.

Толық

Бәйтерек тектес шынарым

  • 0
  • 0

Аштыққа ұшырап, жастығын сезбей, соғысты жеңген кейуана,
Бар қиындықты көтергені аздай, тағы да қайғы жиған,ә?!
Көнерген сол бір шеткері үйде немере ғана сенері,
Мұңын шертеді, жүрегін жеген шемен сыр ішке сыйған ба?

Толық

Қарап көріңіз