Өлең, жыр, ақындар

Ана мен бала

  • 01.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2039
Сен онда, білесің бе,
Кішкенесің,
Белгілі, сондықтан да күшті емесің.
Жүгіретін болғансың, тек әйтеуір,
Қорқыта алмайтұғын ештеңе шын...
Жылы ма, суық па деп, күнді барлап,
Серуенге алып шығып, жүрдім арнап.
Көшеде келе жаттық бірде солай,
Жүгіріп кеттің кенет, құлдыраңдап...
Жібермей қалуға еш жоқ-ты амалым,
Бөгеуге, құлай ма деп, оқталамын...
Қуып ем — жеткізбедің және тағы,
Дауыстап шақырғанға тоқтамадың...
Еш жанға шалдырмаған талай сында,
Өзіңді желаяққа балайсың ба —
Шықылықтап, ілгері жүгіресің,
Жалтақ-жалтақ артыңа қарайсың да...
Жүгір деп сенен осы сұраған кім,
Соңыңда жете алмай мен сірә қалдым.
Ал енді қайтер екен дедім-дағы,
Біреуді тасаланып, тұра қалдым...
Қойдың да бәрін күлкі, жүгірістің,
Кейінге сол сәтте-ақ бұрыла ұштың.
Күнім-ау, дәл осылай сасқаныңды,
Көрмеген болар, сірә, бұрын ешкім...
Сықылық атқан күлкі, ұят қалып,
Кеудеңнен өзгеше бір күй ақтарып,
Көшенің ортасында «мамаладың»,
Жапанда жалғыз қалған сияқтанып...
Көзіңе түспестен-ақ бірі адамның,
Көкесін көрсеттің бір жылағанның.
«Құлыным, ойнап едім, мен әшейін, —
Деп қоям, — жүгірші деп сұраған кім...»
Болсақ та ақылмен тау құлатардай,
Ойынды алмаймыз-ау, сірә, таңдай.
Көшеде, көп ішінде орындықта...
Отырдым сені ұзақ жұбата алмай.
Жүрміз ғой десек-дағы бұрын біліп,
Бойлатпай кетті-ау, күнім, сырың құрық.
Ананың кім екенін маған тағы
Кеткендей болдың сол сәт ұғындырып...
* * *
Түн іші.
Қала шеті.
Аялдама.
Сол жерге бала ерткен таянды ана.
«Мама, біз енді қайда барамыз?» — деп,
Анасын мазалайды Аян бала.
«Қой, жаным,
Аз қыдырған жоқпыз бүгін,
Үйде де бірер сағат өткіз, күнім».
Ананың басу айтқан сол үнінен
Қамқор да,
Аяулы да жоқ-ты ізгі үн.
Өзге бір көңілінен гүл ашылып,
Қиялы кетті қайта құлаш ұрып.
Әлгінде қыдырғысы келген бала,
Енді үйге алып-ұша тұр асығып.
Болмайды-ау асығыстық, атүстілік,
Қарасақ іске тегіс қатысты ұтып.
Автобус күткен ана қараңғыда,
«Бір» менен «жетіні» алды шатыстырып.
Сонан соң ашып бірін көп «қойманың»,
Отырып «қазынасына» жекті ойларын.
Сәлден соң байқады тек терезеден
Автобус ен далаға бет қойғанын».
«Апырау, қайда кетті?! Мұнысы не?!
Деген ой келді қарап түн ішіне.
Тым баяу әншейінде автобустың
Кеткендей жылдам болып жүрісі де.
Таңдана қарағанын тұрған халық
Еске алып,
Қалды жайды бұл да аңғарып.
Өзінің қателігін ұққан сәтте
Сигналға қолын созды жылдам барып...
Бір кезде жалт қараған баласына,
Қорқыныш кірді ме деп санасына.
Бірақ та жайбарақат келе жатты ол,
Көрінбей үрейлену қарасы да.
Кенеттен...
Сол бір мезет кетті елжіреп,
Ананы кім бекерге депті ержүрек!?
«Қорықсын өзім барда балам неге? !»
Деп тұрған-ды мақтана тепкен жүрек...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орын аға

  • 0
  • 0

Орын аға орнын тапқан өнерден,
өнерімен өсіп-өніп, көгерген.
Күймен бірге күмбірлесе ол егер
көзін алмай қол соғады көрермен.

Толық

Сенім мен сергелдең

  • 0
  • 0

Ит жеп қойды сәбиді, сенесіз бе?!
Ит жеп қойды адамның бір баласын.
Итке сенген ана ойсыз, өресіз бе
Әлде, тағдыр мазақтап тұр ма басын?!

Толық

Сурет

  • 0
  • 0

Ескі сурет —
ескі күннің бір сыры.
Қарап едім;
жүрегімнің жыршы үні

Толық

Қарап көріңіз