Өлең, жыр, ақындар

Шәкірттерге

  • 30.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2893
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
Бостандықта қарсы кеп тұр,
Қалқам, сенің бағыңа.
Не керегің? Алшы! деп тұр,
Тағы да алшы, тағы да.
Күнің туды қарыштап қал,
Қалма қапы қарағым.
Бәйгі атындай жарыс сап қал,
Жасымасын талабың.
Қыр қуарып, сыр суалып,
Күйзеліп ед Алашың.
Бұл уақытта тұр қуанып,
Көріп сендей баласын.
Қайғылы еді, қам көңілді,
Сені көріп, болды шат.
Көркейт жаным, енді еліңді,
Жаңа өспірім, азамат.
Көңіл хошы, көз нұрысыз,
Еңбекшіл тап халқының.
Жарық жұлдыз, ай күнісіз,
Сәулеңді шаш, жарқыным!
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арманым

  • 1
  • 0

Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,.
He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.
Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.
Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.

Толық

Сұлу қызға

  • 1
  • 0

Сұлу қыз, қалың елден сені таптым,
Көрдім дө тамашаңа белден баттым.
Майысқан алтын айдар еркесісің.
Оянған ұйқысынан табиғаттың.

Толық

Хибстағы ұрының мінажаты

  • 1
  • 0

Уф, алла! Бітті қаным, шақты жаным,
Шірір ме бұл хибста ғазиз тәнім?
Таусылып көздің майы, қуат кеміп,
Сиқым бар жан танымас кетті мәнім.

Толық

Қарап көріңіз