Өлең, жыр, ақындар

Нан

  • 30.08.2021
  • 0
  • 0
  • 10214
Осы күні кеудеде,
Шықпаған құр жан,
Не бар тілек пендеде:
Нан, нан, нан!!!...
Жұрттың бәрі жалынды
Өлтірме! деп аштан,
Ынтық боп нанға сағынды,
Жеп үйренген жастан.
Бірақ әлі нан жоқ.
Ашыққан қарын ашыққан,
Нансыз елде сән жоқ,
Бұралып отыр аштықтан.
Құдай, а, Құдай!
Қырасың ба, пендеңді.
Қоясың ба өңгеңді?
Аштық деген бір бәлең
Салды елге шеңгелді.
Күнің бар ма, көретін,
Жәрдемің қайда беретін.
Жан берген дән берер деп,
Құдайысың сенетін.
Сәждеде жатыр құлдарың,
Көр, ғибадат қылғанын.
Еңбектерін еш қылып.
Лайық па, қырғаның?
Жөні басқа орыстың,
Ораза жоқ, намаз жоқ,
Ғибадат қылмайсың де.
Сорлы қазақ қорқақ,
Айтқаныңды істейді.
Ендігі өкпең не?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтірікке бәйге

  • 0
  • 5

…Баяғыда салтанатты,
Сауықшыл бір хан бопты.
Ойын-тойдан қызғылықты –
Көре келген хан көпті.

Толық

Жазғы кеш

  • 0
  • 1

Бұлт шықты оңтүстіктен мұнарланып,
Нұры мен батар күннің шұбарланып:
Созады жандық біткен көкке мойын,
Тұрғандай сусап, өліп құмарланып.

Толық

Қарап көріңіз