Өлең, жыр, ақындар

Естiлiп қыстың зар әнi

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 195
Естiлiп қыстың зар әнi,
Төбеден билеп жауар қар.
Бүрiсiп кетiп барады,
Жағасы патша жарандар.
Табиғат-Ана пәрменi-ай,
Түйiп тұр аспан қабағын.
Сәнге бай дала, әнге бай,
Жамылған аппақ жамалын.
Ұялшақ үй тұр көзiне,
Пәрәнжi жауып сүңгiден.
Арудың әппақ жүзiне,
Ұялап қапты мұң кiлең.
Тыныштық тұнған аулаққа,
Тартады кейде көңiлдi.
Жалма-жан сүйiп алмаққа,
Аңдиды аяз демiңдi.
Ашу бар ала таңында,
Адуын жатыр қаншама!..
Қыс отыр шiреп тағында,
Көктемдi әзiр аңсама...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуанышқа тұр едiм жүгiргелi

  • 0
  • 0

Қуанышқа тұр едiм жүгiргелi,
Кенет қара жер неге дiрiлдедi?
Кең көшеде зулаған бiр машина,
Қағып кете жаздады бүгiн менi...

Толық

Хатқа жауап

  • 0
  • 0

Бәрін дұрыс аңғарғансыз,
Мен дәл сондай адаммын.
Таудай биік қорғандарсыз,
Бөлшегімін қоғамның.

Толық

Жылап тұр Алматы көктемi

  • 0
  • 0

Жылап тұр Алматы көктемi,
Қайғысы көп пе едi?..
Бұл кеште бұйығып отырмын,
Сол үшiн сөк менi...

Толық

Қарап көріңіз