Өлең, жыр, ақындар

Адамдарға наз

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 331
Өзгеге бақ қонса жайым жоқ күндер,
Ойға оранып өтiп жатыр көп күндер.
Қуанышы, шаттығы мол адамдар,
Неге менi жалғыз тастап кеттiңдер?
Ғұмыр қысқа, бақытыңды еселе,
Өкiнiштен көгермейдi көсеге.
Бәрiң маған қарайсыңдар жатырқап,
Автобуста, аялдама, көшеде.
Өмiр деген бiр сапарға шыққасын,
Көздерiңнен iздеп келем ықтасын...
Ешкiм сұрап жатпағасын халiмдi,
Шаң басып тұр телефонның тұтқасын.
Жан едiм ғой жүрегiме жыр құштар,
Бәрiңдi әлде биледi ме тұрмыс-хал?
Мен ауыр сөз айтпап едiм ешкiмге,
Және ешкiмге ренiшiм жоқ бiр мысқал.
Мезгiлсiз кеп кеудеме жүр түнеп мұң,
Сол бiр мұңды сағынышты сыр еттiм.
Адамдар деп аталатын теңiздiң,
Толқындары тарамдаған түбекпiн...
Сендер менi жақынырақ тартыңдар,
Бiр барайық болашаққа алтын жал.
Барлығыңа ырза болар көңлiм бар,
Барлығыңды ырза етерлiк қалпым бар.
Салмақтаңдар, ерге лайық бағам бар,
Адам ғана адам үшiн алаңдар.
Неге мен жалғыз тастап кеттiңдер,
Адамдар-ай, адамдар-ай, адамдар?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауырмашы, жазылшы, бөпем, бөпем

  • 0
  • 0

Ауырмашы, жазылшы, бөпем, бөпем,
Ақ тілегім Аллама жетер ме екен?..
Дәрігерлер дәру-ем таба алмауда,
Бөпем неге қысылып жөтелді екен?..

Толық

Неге екен, неге?..

  • 0
  • 0

Неге екен, неге?..
Өлеңiм қашып жүр менен,
Күндiз шақырам, iздеймiн оны түнде мен.
Тып-тыныш қана айдыным жатыр жел аңсап,

Толық

Жасырып әуре болмашы

  • 0
  • 0

Жасырып әуре болмашы,
Көзiңде тұр ғой бәрi де.
Сезiммен iштей жауласып,
Қатайып жүрсiң әлi де.

Толық

Қарап көріңіз