Өлең, жыр, ақындар

Нұрмолда Алдабергеновке

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 566
«Бата жүрген емес-ті
Ассыз аяқ, құр қолға»
Шарықтап біздің ел өсті,
Өсірісті Нұрмолда.
Бұл әлемге әйгілі —
Нұрмолда Алдабергенов,
Жарыста талай бәйгені
Алып жүрген өңгеріп.
Тақыр жерді ол басса,
Ізіне егін өседі.
Байлыққа байлық ұласса,
Көбейтеді есені.
Семіреді ілезде,
Ол кездескен көтерем,
Кетеді көркем қала боп.
Санына әрең жетер-ең
Машина болып кетеді
Aт, өгіз, есек түйесі,
Керекке түгел жетеді
Нелер алуан жүйесі.
Жобалғы ауыл ол барса
Кетеді көркем қала боп.
Жыпырлай қалың шам жанса
Шаттанбасқа шара жоқ.
Өзендерді өзінін,
Керегіне бұрады.
Шырасы жанып кезінің
Электрге тұнады.
Құлазыған ылди-өр
Кетеді бақша — бау болып.
Шырыны балдай жемістер
Үйіледі тау болып. 
Ол барған жерден надандық
Ат-тонын ала қашады.
Білімге сусын қанарлық
Мәдениет ошағы.
«Әліп-биді» аңғарды
Нұрмолда өзі кешірек
Танысқан ғалым таң қалды
«Профессор осы»— деп.
Таудай жүкті көтеріп
Тұтасқан күшті көп иық.
Міндеттер талай өтеліп,
Сүттей халық тұр ұйып.
Бақытқа түгел кенеліп,
Ауылының ұл-қызы,
Ордендерге бөленіп,
Жарқырайды жұлдызы:
Нұрмолда төске қадады
Сол жұлдызды қосынан,
Еңбектің барлық адамы
Қуанышты осыған.
Тапжылмайды талай жыл
Еңбектің туы қолынан.
Адаспайды адал ұл
Компартия жолынан.
Алпыс жаста ауылдың
Келеді еңбек өрінде
Коммунистік қауымның
Мәңгілік орны төрінде.
Мраморлы тарихқа
Алтынмен аты ойылды.
Болсын деп мұра халыққа
Тірідей мүсін қойылды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалшының зары

  • 0
  • 0

Күн ұзын, әрі ыстық сарша-тамыз,
Соғып тұр аңызғақ жел, жылы нағыз.
Шаршадық жұмыс қылып күні бойы,
Үстіне оның тағы оразамыз.

Толық

Ақ аю

  • 0
  • 0

Июльдің жиырма бір күні
Балтық
Лепірді әлденеге тасып, шалқып.
«Арыстанның жалындай бұйра толқын

Толық

ІІІ — Тың толғауы

  • 0
  • 0

Хатыңды, ақын інім, ерте оқып,
Пайдалы сөзін ойға алғам тоқып.
Беруге іле жауап, көп қағаздың
Отырдым арасында, жатқан қоқып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар