Өлең, жыр, ақындар

Сапарғали Бегалинге

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 294
Алпысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе;
Сиятын қара кез бен қара шашқа,
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!
Мұртының миығына аздап буырыл
Кіргенмен, көрсетпейтін ол да қу бір!..
Қоңырқай ажарында жоқ еш әжім,
Дерліктей,—
«Ұл атаулы сендей тұғыр!..»
Денеге лайық біткен қылық, мінез,
Не артық іс, бойда жоқ, не артық сөз.
Қалпынан сыпайылық бір аумайтын,
Өлшемі тұрақталған бір әділ тез,
Жеткенше талант, ойдың шама-шарқы,
Сүйсініп оқитұғын туған халқы,
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,
Ласы, кіршігі жоқ таза арты.
Жүз жасқа аяқ басты әкесі —
Ысқақ.
Көрген жоқ жүрер жолын ешкім нұсқап.
Сенеміз Сапекеңнің сөйтуіне,
Себебі,— туған ұл бұл, әкеге ұқсап!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған халқыма

  • 0
  • 0

Әр уақыт амандаса келіп кетіп,
Жүргенде сый-құрметін, үнемі өтіп,
Өмірің және елдігің өсуіне
Жылдан-жыл күшейеді сенім бекіп.

Толық

Аракстың бойында

  • 0
  • 0

Араксты жағалап біз келеміз,
Бергі беті біздікі, ар жағы Иран.
Екі жаға гранит, бейне көк мұз,
Кей тұс қорған сияқты, қолдан құйған.

Толық

Самарқан

  • 0
  • 0

Ордасы бүкіл Орта Азияның
Қордасы нелер қымбат қазынаның,
Тоттанбас сап-алтындай Самарқанды,
Жеткізді коммунизм жазына кім?

Толық

Қарап көріңіз