Өлең, жыр, ақындар

Өз жемісің

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 308
Партия!.. Қазақтың кең даласынан
Көтердің құнары мол талай тыңын.
Аналық мейіріммен, жаны ашыған,
Ұрықты сеуіп, күттің көрмей тыным.
Мол сепкен ұрықтарың шешек атып,
Жіберді сұр даланы гүлге бөлеп.
Мәуесі шырын балдай көрсең татып,
Отанға таусылмайтын болды қорек.
Мен де сол, саналуан жемістердің
Бірімін,— тақтың маған «ақын» атты.
Бойда бар асылымды саған бердім,
Меңгер де, қуатыңа қос қуатты!
Мен ғана емес мұны айтар ұлың,
Сөзі бұл ұл-қызыңның миллиондаған.
Әрдайым шаттықпенен қосып үнін,
Естірте бар әлемге шырқайды ән.
Отанның бес тармақты жұлдызының
Бірі боп, төріңнен біз алдық орын.
Партия!.. Тыңда, қазақ ұл-қызының
Қосыла, саған арнап айтқан хорын!..
Арымай, талмай, тоқтап тыным алмай,
Үздіксіз ерге тартсаң елің үшін,
Жолында, болып өскен дәмі балдай
Біз-дағы мақтанарлық өз жемісің,!

26. X. 1958 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұғалім

  • 0
  • 1

Ел ісін басқаратын көсем бол, сен,
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен;

Толық

Поэзия маршалы

  • 0
  • 0

Тоқтат,
Дүние,
Дабырды!
Не керек,

Толық

Аманкелді

  • 0
  • 0

«Қазақ! Халық батыры! Аманкелді!»
Деген күшті, зор атақ талай елді
Таңдандырды. Бір күні сол батырға
Тастан зіл, мұздан суық хабар келді:

Толық

Қарап көріңіз