Өлең, жыр, ақындар

Диен-Биен-Фу

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 334
Не нағашы, немесе емес жиен,
Сөйте тұра «басып ап болам йен,»,—
Деп барған отаршылды, жұдырықпен
Тұмсықтан соқты өлтіре Диен-Биен!..
Күн елі қорғап Диен-Биен-Фуды,
Билетпей жауға мекен, жерді, суды,
Атасы қолдан соққан берік қорған
Үстіне желбірете тікті туды.
Намысын сатқан елдің Бао-Дайды,
Төбеден қара түндей басты қайғы.
Жақтасы бостандық пен бейбітшілік
Құттықтап Күн еліне құшақ жайды.
Болғандай соры қайнап «еңбегі» еш,
Диен-Биен-Фу жаудан босанған кеш,
Қашып барып үйіне тығылғанмен,
Масқара жұрт алдында болды Даллес.
«Сілкінсе халық, дұшпан жеңе ала ма?
Жеңбесе ол ел менен жер ала ма?»—
Деген зілдей сұрақты, зор дауыспен
Вам-Фан-Донг қойды барып Женевада.
Адамдай жалын шарпып беті күйген,
Шошынды бұл сұрақтан Жорж Бидо.
Таптамақ болған сұмдар ел намысын
Түскенін ұқты сонда нендей күйге.
Мейлі отаршыл күрсіне алсын демін,
Зорлықшылды күтеді әр жерде өлім.
Ешбір жау ешуақытта ала алмайды,
Қолдайтын бейбіт елдер Күннің елін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эльбруске

  • 0
  • 0

Сен санасаң бір кезде бар шығысты
Қозғалмайтын алыпқа қалғып жатқан,
Міне, қазір көресін, қандай күшті,—
Оянды шығыс

Толық

Мәдени бәсеке

  • 0
  • 0

Культурная эстафета!
Ура!
Колхоз және совхоздар,
Өндірістер, ұйымдар —

Толық

Тауға шыққанда

  • 0
  • 0

Алатауға қарасан,
Шөккен ақбас бурадай;
Найза шыңды еркештей,
Қарағайы шудадай.

Толық

Қарап көріңіз