Өлең, жыр, ақындар

Жаз

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3628
Қыспақ кетіп, қыс өткен соң келді жаз,
Қиқуласып, келді әндетіп үйрек-қаз.
Жан-жануар жадырасып, көк шығып,
Күллі әлем масайрасып болды мәз.
Жердің жүзі масатыдай құлпырар
Көкте мұнар, Жерден булар бұрқырыр.
Арық-тұрық көкке шығып тойынып,
Қырдан ойға шапқыласып тырқырар.
Тербетіліп айдын көлдер шалқиды,
Түрлі құстар баурын төсеп қалқиды.
Көкорай шөп көлді айнала көмкеріп,
Мас қылады, күшті жас иіс аңқиды.
Сұлу қыздай кербез құрақ сылдырлап,
Көз ұшында сағым жүріп бұлдырлап,
Торғай шырлап, бұлбұл жырлап сайрайды
Тілі шыққан жас баладай былдырлап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болмайық төрт аяқты мал секілді

  • 0
  • 0

Болмайық төрт аяқты мал секілді,
Қуарған жапырақсыз тал секілді.
Бақшамдай жігіт адам көркейеді,
Ғылыммен сөз сөйлесе бал секілді.

Толық

Екінші қымбат нәрсе-көңіл деген

  • 0
  • 0

....Екінші қымбат нәрсе-көңіл деген,
Көңілі бұзық адамнан түңіл деген.
Бұзыққа жер үстінен асты артық,
Болмаса көңіл таза кәміл деген.

Толық

Замана туралы

  • 0
  • 1

Адамнан нағуа қалмас кәріп болмай,
Пақыр сыхаптына озып болмай.
Әуеті иа рыстыһыз, иа, хақарат,
Еріккен ердің қорын парық қылмай.

Толық

Қарап көріңіз