Өлең, жыр, ақындар

Кітапхана

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1037
Міне, түнгі сағат төрт. Үйдің іші
Шырт ұйқыда. Көшеде жүрген кісі
Естілмейді. Тымық түн. Жаз. Сайрайды
Тереземнің алдында бұлбұл құсы.
«Құлаққа ұрған танадай» осы шақта,
Көбін оқып, біразын алған жатқа
Кітаптарым столда, шкафтарда
Тізіліп тұр әскердей қойған сапқа.
Әр қарулы әскерлер, әр киімді.
Арғы Гомер, Щипачев тұр биылғы.
Философ, экономист, артист, ақын
Бар ғасырдан тіресіп тұр иығы,
Сансыз заман өкілі... сансыз қоныс:
Сансыз тілдер бөлмемде тауып тоғыс,
Бәрінің тілін біліп, сөйлестіріп
Тұр қасымда өнегем — ұлы орыс.
Уа, орыс көрсеткен сен маған жарық.
Арқаңда сенің ғана, мен хат танып,
Сен аударған сансыз тіл кітаптарын
Оқимын үйіме де жинап алып.
Білімнің кезген шақта ылди, өрін,
Асылын алған шақта теріп тегін,
Оларды пайдалану жолын маған,
Әрдайым үйретеді ұлы Ленин.
Уа, Ленин, бар білімнің сен көзісің.
Кіршігі жоқ асылдың нақ езісің.
Сан мыңдаған ғалымдар жасап кеткен,
Білімдердің қорытқан синтезісін.
Кітаптардың теңізін терең, ұшан
Аралай, қай уақытта кезсем, қашан,—
Кетпей батып, шығуды аман малтып,
Әрдайым Ленинменен ақылдасам.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз — Советтік армия

  • 0
  • 0

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны —
Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына
Тереңнен әрең барып жетті қолы.

Толық

Ақынға

  • 0
  • 0

Пролетар ақыны —
Әскер-солдат.
Туған халқы бақытқа тартқанда,
андап,

Толық

Май ұраны

  • 0
  • 0

Май ұраны, көгерсін жер, көгерсін!
Жасыл жібек өсімдікке бөленсін.
Жұпарлы жер, жансыздарға жан беріп,
Әмір сүріп, қыбырласын, кенелсін.

Толық

Қарап көріңіз