Өлең, жыр, ақындар

Гвардеец бауырларға

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 436
Бір үміт халық күткен тағы ақталды:
Қирата қырқып фашист — жалдаптарды
Ерлері Қазақстан қан майданда
Жауынгер гвардия деп аталды.
Е, бәсе, солай болса керек еді!
Тарихта қазақ халқы ер ел еді,
Халқының намысына жанын қияр
Батырдың талайларын берген еді.
Бүгін де талай батыр туғызды ел,
Ішінде Мәлік, Павел, бар Әлішер.
Майданға аттандырды батырларды
«Фашисті жойыңдар,— деп,— сұм қанішері»
Деп батыр ұлдарына «жаудан ықпа!
Бірақ қайт елге, жаудың туын жық та!»
Ағаның баласы деп қазақ халқы,
Жорығын бастаттырды Панфиловқа.
Інінің ауырламай артқан жүгін,
Панфилов «ал, бастайын,— деді,— інім!»
Білегін біріктірген аға, іні
Әлемге таныттырды күшін бүгін.
Кездесіп қас батырға фашист — банда,
Тұншықты тажал малғұн қара қанға,
Болаттай берік тоғыз гвардия,
Жеміре жауды кейін тойтарғанда,—
Сүйсініп барлық әлем, деді «пәлі!»
Бұл қайрат батырлықтың басы әлі.
Болаттан берік тоғыз гвардия,
Отайды жауды шөптей одан әрі.
Сұм фашист аласұрған, жынды — бәдік,
Өргізсе құмырсқадай мыңдап танк,
Езеді басып құрыш табынымен
Салмағы Алатаудай батыр Мәлік,
«Өлімтік бір қылғитын қайдан түсер?
Кездесіп қайдан қанып бір қан ішер?»—
Деген аш фашистерді қан теңізге,
Батырып өлтіретін ер Әлішер.
Айыр тіл, ұшы улы, жау екі бас,
Ұрланып жорғаласа ниетпен нас,
Балқаштың қызыл сымды арқанымен
Буады қылғындыра талай ер жас.
Есек жау, арғымақсып кісінедің,
Кісінеу ниетіңді түсінемін!
Добымен зеңбіректің өңешіңді
Бітейді Дмитрий Снегин.
Алдыңда енді адым аттар жер жоқ,
Аттасаң, басатының жайнаған шоқ.
Жырынан жалын шашып, от себелеп
Тарылтып өрісіңді тұр Кузнецов.
Енді, жау, жылжымассың сен жасырын!
Жылжимын десең, оның жан ашуын,
Шарипов, Аманжолов, Бекбатыров
Кит етсең, қиғалы тұр үш Қасымым.
Тағы бар батырларым жүздеп, мыңдап,
Жорықта олар отап жауды қырмақ.
Ерлігін батырлардың Марабайдай,
Халыққа танытамын езім жырлап.
Әрине, әлі де бар сүргін, дауыл,
Бекіткен, бірақ, үйін қала, ауыл,
Жауларды жоқ қылуды күтіп тұрмыз,
Сендерден, гвардеец—туған бауыр!

1941



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егістік

  • 0
  • 0

Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,

Толық

Алтын адым

  • 0
  • 0

Октябрь
Жиырманың тоғызына
Аяқ сап,
Теңізді теріс ағызуға

Толық

Мәңгілік ұлы халықтың

  • 0
  • 0

Бізге елдің еңбекші табы қымбат,
Бостандыққа бет алған жағы қымбат,
Екіталай жерлерде кезге ұшырап,
Жол тапқан ер сымбатты жаны қымбат.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар