Өлең, жыр, ақындар

Бүгін қатын биледі

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 412
Рысты бай Күңшашты
Дейтін еді «албасты»
Күңшаш онда «мәжін» ед,
«Өсекші» ауыз, «сұғанақ»,
Кір болып қара қожалақ —
Жүретұғын «әбілет».
Бейнеттің жүктеп ауырын,
Сауатұғын сауының
Ойнататын баласын,
Сол күндегі «албасты»
Бүгін елге жолбасшы —
Ұстатты байдың жағасын.
Себебі,
Салық, жер бөліс...
Күн санап бір өзгеріс,
Бәрі де байға кірнедей...
Кедейге үдеп өштігі,
Күнде аңсап ескіні,
Бүрісе түсті бүргедей.
Құландай азып қаңғырған,
Бақсыдай «жынын» алдырған
Жүрегі байдың инелі.
Көрген күні бекер-ді,
Кешегі «пәленшекеңді»
Бүгін «қатын» биледі.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Москваға сәлем

  • 0
  • 0

Москва!., тек өзіңнен қанаттанып,
Шыңдарға нелер биік ұшқан халық —
Қазақтан, саған тарту — таралғыға
Ән-күйді бір эшелон келдім алып!

Толық

Менің республикам

  • 0
  • 0

Әркімнің өзіне ыстық туған жері,
Сол жердің топырағын суын, кенін,
Сүюден тынбайды ол бітпей демі,
Менің де сүйетін бар сондай жерім.

Толық

Мәдени бәсеке

  • 0
  • 0

Культурная эстафета!
Ура!
Колхоз және совхоздар,
Өндірістер, ұйымдар —

Толық

Қарап көріңіз