Өлең, жыр, ақындар

Қызыл арқа

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 750
Сап-сары биік белдерде,
Сарғайған түссіз жерлерде,
Сап-сары киім киініп,
Қабағы бұлттай түйіліп,
Сарғайған мың сан жан жүрді;
Азуы алмас, тілі у,
Арам көңіл, ала ту,
Кең жемсаулы, кең қарын,
Найзадай түйреп қолдарын,
Қорқау қасқыр —«хан» жүрді.
Сары даланы мұң басып,
Түнерген қара түн басып,
Адасқан жол таба алмай,
Мұңын жанға шаға алман.,
Нелер, нелер жыл етті.
Күнбатыстан ер шығып,
Есіркер аға ел шығып,
Түнді кектен серпіді,
Тотыдай таң құлпырды,
Алтын нұрын күн септі.
Сары дала жасыл түрге енді,
Қызарып шешек — гүлденді,
Жерге жұпар төгілді,
Шаттандырды көңілді,
Жан жадырап, өмір жаз!
Күн кергенге қуанып,
Жылауынан уанып,
Нарттай жанған пішінде,
Кеп қуаныш ішінде
Құлдар да жүр аралас.
Аузында еңбек ұраны,
Ленинизм құралы,
Сол құралға табынып,
Соған ғана бағынып,
Жолында соның өнеді.
Сарғылт түсті Сарыарқа,
Сүреңі жоқ кең алқа
Қызыл арқа атанды,
Жасадық жаңа Отанды.
Сарғаю енді болмайды.
Қызыл гүлдер тамырлар,
Қызыл ерттей жалындар,
Қызарған гүлді түрменен,
Шағылысып күнменен,
Қызыл арқа жайнайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егістік

  • 0
  • 0

Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,

Толық

Газеттің досы — тілшілер

  • 0
  • 0

Кедейдің соғып сойылын,
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы — тілшілер.

Толық

Қырғызда

  • 0
  • 0

Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.

Толық

Қарап көріңіз