Өлең, жыр, ақындар

Оралу

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 264
Оу, құлыным!
Неге кірдің түсіме?
Тым алыста қалып ең ғой кісінеп.
Дейсің бе әлде: «Бұлдыр-бұлдыр даланы,
«Буырқанып бұлтқа айналып ұшып өт».
Ұшар едім, ондай салым жоқ менде,
Бар болғаны аңсау, шаршау өткенге.
Жүгенімді салдырлатып, сақа іздеп,
Қотыр таймен құстай ұшып кеткем мен...
Қоныс шалғай, қиыр шетте қара жол,
Шарап ішіп той тойлайды тамам ел.
Көзім жұмып, мызғап кетсем түсіме,
Өмірімнің сонау балғын шағы енер.
Құр сүлдерін жете алмайды сүйрелеп,
Көздеріне қара шыбын үймелеп.
Оу, құлыным! Сағым дүние – сайтан қыз,
Көлбең қағып, көз алдымда билемек.
Ән салады, бірде шашын жаяды,
Кімге тұрған,
Еһ, дүние баяны?!
Шыбық мініп шығып кеткен пақырдың,
Келе жатар қолында асатаяғы...
Әлсіз жанар... Ай жүзіне қадалып,
Қара түннің қабағынан қан ағып...
Талмаусырап жеткен жетім дыбыстар,
Шашқа қонған ақ қылаудай ағарып...
Келдіңіз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мың жылғы ұйқы

  • 0
  • 0

Мың жылғы ұйқыдан тұрып,
Уілге үн қосқан дала.
Жүрегін қасірет буып,
Маң басып келеді дана…

Толық

Алтайды аңсау

  • 0
  • 0

Алтайдың қысы тым ұзақ,
Алтайдың қысы тым басқа.
Қиялдан тұлпар мініп ап,
Шегесің сапар бір басқа.

Толық

Ораза

  • 0
  • 0

Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам...

Толық

Қарап көріңіз