Өлең, жыр, ақындар

Қаратау

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 543
О, Қаратау! Бұлдыр-бұлдыр, бұлыңғыр,
Ойым – ақшам, кеудемде ауыр іңір жүр.
Тас көтеріп тамыр жеген түсіме,
Бабаларым ауық-ауық кіріп жүр.
Қоғамыма көңіл қалды өкпелеп,
Шөп күркемді тіктім саған шеткерек.
Пенделердің пейілінен түңілгем,
Маған анау тобырлардан жоқ көмек.
Күздің айы сыңсығанда құс үні,
Қалтыратып қарашаның үсігі.
О, Қаратау! Саған сүйеп басымды,
Есіме алам баяғы ауыл түтінін...
Ауыл қалған, алақаны апамның,
Еске түссе еңсемді ауыр басар мұң.
О, Қаратау! жан жарасын жанымның,
Сенің жақпар жартасыңа қашармын.
Селеу қырдың селтеңдейді ақ шашы,
Күрсінеді күннің көзін тат басып.
Мен түсімде сенде жүрем ғасырдың,
Ортасынан ақ боранын ап қашып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана

  • 0
  • 0

Ана!
Ағарған әр тал шашыңнан
өзімнің қайғымды көрем,
Жұрттан жасырып төгілген жасың –

Толық

Ант

  • 0
  • 0

Бұл тұман сейілер,
Зарыққан сапарға сені іздеп шығайын.
Көкжиек сімірген –
Көп тарау, көк иірім жолдарым.

Толық

Түркістан қасіреті

  • 0
  • 0

Арқасына төгіліп ай бұрымы,
Түркістанның түгемес қайғы, мұңы.
Қызыл-жасыл көшелер қылғытады,
Тым әсершіл жүректің әйдік үнін.

Толық

Қарап көріңіз