Өлең, жыр, ақындар

Жазғы шілде

  • 25.11.2015
  • 0
  • 4
  • 20410
Ой, балалар, балалар!
Шілдем-шілдем, шілде айым.
Шырлап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер,
Жапырақтар жалпайды.
Жас қозылар марқайды.
Ұшты көкек қуалай.
Сайда пісті таңқурай.
Құрт, ірімшік қайналды.
Құлындар да байланды.
Нәйім-нәйім бауырсақ.
Ағьш суға шомылсақ.

* * *

Ой, балалар, балалар.
Ойналық та, күлелік.
Үйретіп тай мінелік.



Пікірлер (4)

Мадина

Мадина есім туралы өлең керек

Динара

Жүсіпбек Аймауытовтың Жазғы шілде өлеңі керемет екен

Жансая

Маған ұнады және оның басқа да көптеген түрлері өлеңдер ұнайды

Серікқызы гүлсаулем

Онаи тапағы сізлергеде жасауға мүмкіндік беремін

Пікір қалдырыңыз

Еңбекшілдер ұраны

  • 0
  • 0

Оян, қарғыс таңба басылған,
Жалаңаш аш құл қайрат қыл.
Қайнап бастан ақыл ашынған
Майданға қанды айдап тұр.

Толық

Тұңғиық түпсіз астында

  • 1
  • 0

Су сабалап, суды тіліп,
Көк теңізде келе жатты бір кеме.
Бір мезгілде түсі суық
Бір қара бұлт көкке ойнақтап,

Толық

Ах-ха-ха-хау

  • 0
  • 2

Жасарам деп көңілі жас,
Жас иіске құмарлар!
Кәріге жастың пейілі қас,
Шамаларда жұмарлар.

Толық

Қарап көріңіз