Өлең, жыр, ақындар

Бір қателік тапты ма екен құрбаның?

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2627
Бір қателік тапты ма екен құрбаның?
Кімге қажет аз күн сайран құрғаны?
Сергек әлем бүгін неге сенбейді?
Көрмей ме жұрт қыздың жылап тұрғанын?
Осы жерге сүйреп жеткен құр жанын
Көрмей ме жұрт қыздың жылап тұрғанын?
Дүниенің мұнша қатал екенін
Кештеу білді нұрға лайық Нұрғаным.
Білді-дағы, кідіріп сәл ойланды,
Өткендер мен кеткендерді ойға алды.
Әдіра боп қалды құрғақ уәделер,
Әдіра боп жасалмаған той қалды.
Білсе керек ішке бүгіп сырларын,
Басқан сайын бағып жүрген мұң барын,
Өмірдің де бұл соңы емес екенін
Түсінді әбден нұрға лайық Нұрғаным.
Аман жүрсе жұққан өсек-жаладан,
Күн де келер қыз-ғұмырға балаған.
Сол Нұрғаным көп ойланып, ақыры
Бар қайраты жиып алды жаңадан.
Өміріні тез ұмытып ақпанын,
Жақсы болды бір жұбаныш тапқаны.
Көрді жұрт та жылаған қыз жаңағы
Көшеде енді күліп бара жатқанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақырғы сәт

  • 0
  • 0

Шағын ғана ауылда Шаған атты
Күрсіндіріп ет-бауыр жамағатты,
Тоқсан бірге қараған мезгілінде
Бір сыйлы адам көз жұмып бара жатты.

Толық

Жын шақыру

  • 0
  • 0

Келші бүгін, жасқанбай келші бүгін,
Көңіліңнің ұмытып кемші күнін.
Сырқатыңнан емдейтін бір-ақ түнде
Бар екенін білесің емшілігім.

Толық

Ырым

  • 0
  • 1

Үйден де шықпап едім ұзап бүгін,
(Күйбеңмен көрмейміз ғой біз-ақ тыным!)
Жүрегім жалғыздықтан жалықты ма,
Кеудеме сыймай қойды ұзақты күн.

Толық

Қарап көріңіз