Өлең, жыр, ақындар

Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік

  • 24.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1711
Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік,
Көкшеге екеуара міңгесейік.
Бауырына Қызылжардың қонып алып,
Бір жаздай қымыз ішпей күн кешейік.
Қайныңның пейілі жаман, бай да болса,
Мертіккен, көрер бізден, тай да болса.
Кел, қатын, үйіңді жық, біз көшейік,
Бұл қымыз табылады қайда болса.
Атандым қырыққа жетпей құл, қу, мешкей,
Жарамас бұл арадан енді көшпей.
Бауырына Қызылжардың қонып алып,
Бір жазды өткізейік қымыз ішпей.
Қарғысы келінімнің жанға батты,
Есітіп мешкей деген жаман атты.
Бұл жерден енді көшпей болмас бізге,
Әншейін қимағанмен әруақты.
Келінімнің құл, қу, мешкей ырысын жер,
Тарылтып күннен-күнге тарысын жер.
Бір күні ашуменен келін пақыр,
Аузыңа... жаман шал құрысын дер.
Қашаннан айтушы едім, жазған, саған,
Қайтейін, осы күні тамақ жаман.
Жақсы ит те өлімтігін көрсетпейді,
Осыдан біз кетелік есен-аман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төреге

  • 0
  • 0

Төре шабар «Арқарлап!»
Ат құлағын пар-парлап.
Төлеңгіт шабар, ашықса,
Құлақтары қалқаңдап.

Толық

Ассалаумағалейкум, би Наурызбай

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкүм, би Наурызбай,
Жігітке дәулет бітсе көңілі жай.
Кетпейді жүрегімнен өлгенімше,
Шекерсіз бесінде ішкен үш кесе шәй.

Толық

Қарап көріңіз