Өлең, жыр, ақындар

Барлығы да баяғыдай

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Барлығы да баяғыдай:
Бақытсыз бақ. Орнында әлі тас мүсін.
Махаббатқа масайратып мас құсын,
Тырналардан түзіп аспан тәспісін
Бұлтпен бірге қайда әкетті көшіріп?!
Есіміңді уақыт естен өшіріп,
Ұмыттырды бастысын.

Әумесердің әуелеткен әні бұл,
Басыңды ұрсаң бақытсыздық заңына ұр!
Жабы орныңды баса алған жоқ бәрібір,
Жібек жалын жауын жуған жүз жүйрік.
Жыламады тек алғанда біз бұйрық
Самал сүйген сары іңір.

Мен өлермен, тек, өтінем, өлме, Өлең.
Сезімім бол, пәк нұрым бол сөнбеген!
Бақытқа да өр көңілін бөлмеген,
Дегбір қағып бұлт бола алмай деміккен,
Найзағай боп жүгірмедік неліктен
Көк төсінде көлденең?!

Шамдансам да бар ғой дейсің шамам қай?!
Жанарың боп жалындамай, жаңармай,
Қиялымда қиянат қып қалардай,
Мен кешегі бақыт дейтін бейіттің
Басына кеп кең көңілді кейіттім.
Іздеп сені таба алмай...

Барлығы да баяғыдай...
Ұмсынсам да ұмытыппын бастысын.
Бұзбады аспан тырналардың тәспісін.
Бақытсыз бақ, махаббатқа мас кісің
Бауырыңа тығылса кеп көрмейсің.
Ендігәрі сен де мұнда келмейсің.
Бедірейіп тас мүсін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Метро

  • 0
  • 0

Жасанды жарықтың саңырау сәулесі
Жалаған рельстің жылтыры көзде ойнап,
Сөзді ойлап кетсем бе
Жоқ әлде,

Толық

Күйігімнен өлмейсің, Әке, менің

  • 0
  • 0

Күйігімнен өлмейсің, Әке, менің,
Келді менің әлемді мәпелегім.
Белесіңе тартасың биігімнен
Сүйегіңе таңба боп мас өлеңім...

Толық

Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені

  • 0
  • 0

Күйінгем жоқ, күйім ғана кеткені -
Әкем маған, шешем маған өкпелі,
Жанарынан Ертіс тасып есерсоқ.
Кешіріңіз мені, Жүрек, көкөрім

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар