Өлең, жыр, ақындар

Ленин

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2164
Ленин - бүтін бейнетқорлар жүрегі,
Ленин - бүтін еңбекші тап тірегі,
Өлсе дағы өлмейді деп сенеміз,
Мәңгі қабыл бола бермек тілегі.
Өмір бойы өмір іздеп алыстан,
Қайраттанып, дұшпанымен алысқан,
Бейнетқорлар қаһарманы басшысы,
Коммуналық тұрмыстағы данышпан.
Ес білгеннен кедей мұңын жырлаған,
Қиянатшы жауыздарды қарғаған,
Патшашыл мен байшылдарға нәлет деп,
Ерлігімен дүние жүзін шарлаған.
Бейнетқорлар бостандыққа жетсін деп,
Залым жұрттар қан сормасын, бітсін деп,
Сүйген жалғыз бейнетқорлар жүрегі,
Тас бауырлық, рақымсыздың кетсін деп.
Ленин өлді, пікірі оньің өлген жоқ,
Ленин өлді, жолын ешкім жеңген жоқ,
Ленин - бүтін коммунистер жүрегі,
Жүрек оны өлді деп те сенген жоқ.
Жер жүзінде коммунизм орнығар,
Жаңа дүние жасарлық-ақ орны бар,
Қай күнде де махаббаты жойылмас,
Шын қамқорға шын сүюші табылар.
Жасар мәңгі коммунизм халқымен,
Күллі жұртқа мәңгі бақыт табьілар,
Аңылы кен, асып туған дананы,
Өзгерістің тарихында бағалар.
Қош, қош, Ленин, бейнетқордың қорғаны,
Сен мәңгілік коммунистің ұраны,
Біз бақытты тудың сенің тұсыңда,
Келешектің сен боларсың арманы.
Ленин - бүтін бейнетқорлар жүрегі,
Ленин - бүтін еңбекші тап тірегі.
Өлсе дағы өлмейді деп сенеміз,
Мәңгі қабыл бола бермек тілегі.

Январь, 1924 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кәрібай шал

  • 0
  • 0

Күн суық қыстың күні, даласы қар,
Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.
Жүк салып арық атқа өлең айтып,
Келеді ыққа қарай Кәрібай шал.

Толық

Ғаниатбек ініме

  • 0
  • 0

Хатыңды алып қуаныштан шаттанып,
Асқар таудан асқандай боп аттанып,
Жауды жеңген жауынгерім келед деп,
Әкең отыр, қуатым деп мақтанып.

Толық

Асылзат

  • 0
  • 0

Ойламай сағат сені тұра алмаймын,
Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын.
Айрылып шыныменен қалғаным ба,
Қалайша ауылыңа бара алмаймын.

Толық

Қарап көріңіз