Өлең, жыр, ақындар

Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 296
Жанарыңда жалтылдаса жалаң нұр,
Қас-қабағың қара көзге қамал-дүр!
Жалғаншының жарағынан жасқанбай,
Алдамшының амалынан аман жүр.
Жайың сенiң бiр күн жарлы, бiр күн бай,
Қайың сенiң қатар өскен құрбыңдай.
Қызығыңа ғазиз басым – құрбандық,
Қырық жылда бiр келетiн қырғындай!
Қырық күн ғой шiлдеңiз де шiлiңгiр,
Одан арғы ғұмыр шiркiн бұлыңғыр...
Сөз шырынын таңдайыңа тамыз да,
Көз шырымын кiрпiгiңе iлiндiр.
Тəн талықсып,
Тамыр бойлап шырын бал,
Бал бөбектей байыз тапсын шыбын жан.
Ода оқып отырайын басыңда
Көздерiңе бiр ашылып-жұмылған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жай-күйiне кiм алаң

  • 0
  • 0

Жай-күйiне кiм алаң
Жабырқаулы ақынның?
Жүрегiмдi жылаған
Жұбата алмай жатырмын.

Толық

Құстар қайтып барады...

  • 0
  • 0

Қоңыр бұлт Күнгейдiң жүзiн бөгей
Құстар қайтып барады тiзiлмелей.
Алқа-моншақ тағынған ару əлем,
Жiбек жiбiң ойда жоқ үзiлмегей.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Өмір – мəңгі толғақ қысқан жас ана.
Ақ тілектің көзайымы – Күн, Айым.
Əр сəби – Күн аттап кірер босаға
Аман болғай алапаттан ылайым.

Толық

Қарап көріңіз