Өлең, жыр, ақындар

Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна.
Шарайнаның шарт сынбауын абайла.
Ажарына Ай сұқтанған, аяулым,
Саған емес –
Ендiм алтын Сарайға.
Сарайыңның келiстi екен кең iшi,
Шымқай бақтың шырын екен жемiсi.
Келген жанның сiлекейi шұбырып,
Көрген жанның келедi екен жегiсi.
Шын бұйырса, шырыннан кiм татпасын…
Алтынның да бiлем жолда жатпасын.
Көзiн салған көкаттыға көлденең
Көксарайдың аша берме қақпасын.
Тəн тояты табыла ма жан ұқпай,
Сарай кiлтiн сандығыңа салып қой.
Қу тiрлiктен мезi болған сəттерде
Жаныма нұр себелей гөр жарықтай.
Мен келгенде ашылғай деп шырайың,
Жаратқаннан жалбарынып сұрайын.
Атқан таңдай арайыммен аймалап,
Батқан Күндей құшағыңа құлайын!
…Жаның сенiң – шаң қонбаған Шарайна.
Шарайнаның шарт сынбауын абайла.
Ажарына Ай сұқтанған, аяулым,
Саған емес –
Ендiм алтын Сарайға…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар

  • 0
  • 0

Қыздарда да алтын, мыс, қалайы бар,
Алдандым алтын ба деп талайынан.
Аруым алтын едi...
Мысқа айналды,

Толық

Тағдыр

  • 0
  • 0

Өлім менен өмірдің арасында
Тыным көрмес тіршілік тола сырға...
«Қорымда да бір қауым ел бар-ay...» деп
Қаңғып келіп молаға қонасың ба?..

Толық

Тек

  • 0
  • 0

Аурудан айық!
Емге көш!
Айналсаң мұздай мүсінге.
Адамның бəрі пенде емес,

Толық

Қарап көріңіз