Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 359
Сағым қалқып, самал ескен,
Сар даланы ала көшкен
Сəмбiталдай сəнiң қайда
Желмен шашын тарап өскен?
Сиқыр сымбат – сыйың қайда?
Маған ғана бұйырмай ма?!
Қаламқасың қанат қағып,
Қаракөзiң қиылмай ма?
Қасiретiм – кəрi дұшпан,
Сарғаямын сағыныштан.
Əуездi əсем əнiң қайда
Əлдеқайда алып ұшқан?..
Мың бiр арман – күйiң қайда,
Мың бұралған биiң қайда?
Көзден ұшсаң, ащы өкiнiш
Өзегiме құйылмай ма?
Жұлдыз жұртын,
Айдың елiн
Аралап жүр қайғым менiң…
Мəжнүн басым маза таппай
Мың мəртебе «Лəйлiм» дедiм.
Көкте жүрсең, төмендешi,
Көз жасымды көгендешi.
Кездесуге зармын дешi,
Кешiкпешi, келем дешi?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шəркез уға шаркесем толы бiлем

  • 0
  • 0

Шəркез уға шаркесем толы бiлем –
Сарғайып өң,
Барады солып iрең.
Қарайғанға ұрынып..,

Толық

Адамға Ар – таразы əлімсақтан

  • 0
  • 0

Адамға Ар – таразы əлімсақтан.
Жазадан жалт бере алмас жанын сатқан.
Нəмəртқа,
Не айла бар намақұлға,

Толық

Арыстан

  • 0
  • 0

Қапыда оқ тигендей қарақұстан
Қан-сөлсіз жатырмысың, кəрі арыстан?!
Жапан түз,
Жайнақы жаз,

Толық

Қарап көріңіз