Өлең, жыр, ақындар

Қарағым, айналайын, бұраң белiм

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Қарағым, айналайын, бұраң белiм,
Қалайша сенi көрмей тынар көңiл?!
Алыстан ат арытып келгенiмде,
Алдымнан «ағатайлап» шығар ма едiң?
Алыстан ат арытып келгенiмде
Керегi бола қоймас жеңгенiң де.
Жанымды, ебiн тауып, жай таптырсаң,
Жатармын бiр-екi-үш күн ең кемiнде.
Қарағым, айналайын, бұрымдым-ай,
Күн қайда күлiп-ойнар бұрынғыдай…
Қолымның жетпейтiнiн бiле тұра
Несiне саған келiп ұрындым-ай?
Ақ жүзiң аршылмаған жұмыртқадай,
Пар келмес ажарыңа ымырттағы Ай!
Көңiлiм алып-ұшқан басылар ма
Көзiңнiң кəусарынан бiр ұрттамай?!
Қарағым, айналайын, қырымдағым,
Алдымнан Ай туғанын ырымдадым.
Аузынан əлдекiмнiң атың шықса,
Шырылдап қоя берер шыбын жаным.
Жiгiттiң сейiл құрған серiсi едiм,
Сенделiп,
Сенi ойласам, шер iшемiн.
Аққудың сыңарындай, шырағым-ай,
Өзiңмен ендi қашан көрiсемiн?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағым жоқ

  • 0
  • 0

Сағым жоқ,
Сарқанатты сағым ұшқан.
Көкжиек көзден көшкен, əрі ығысқан.
Жаз бен наз – жанға жалау жалт берген соң

Толық

Шашыңнан сүйер едiм талдап қана

  • 0
  • 0

Шашыңнан сүйер едiм талдап қана,
Қасымда қалар болсаң əруақта да.
Жарлығын Жаратқанның екi етпестен
Өзiңдi тапқан екен əруақты ана.

Толық

Жар мен жыр

  • 0
  • 0

Сен де бір бойжеткен ең бұла көңіл,
Бозтайлақ болмысыңмен ұнап едің.
Мен де бір боз даланың бозымы едім,
Жанына жақын тұтқан жыр əлемін.

Толық

Қарап көріңіз