Өлең, жыр, ақындар

Қарлығашым, қанатынан жел ескен

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 442
Кəмилаға

Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Тереңiне телегейдiң шым батшы.
Түнегiңнiң күрсiнгенiн күшейтiп,
Жүрегiңнiң дүрсiл-демiн тыңдатшы.
Алдарқатшы əуезiңмен, үнiңмен!
Таңдайыма бал тамызшы тiлiңмен.
Жалғыз тамшы жарып өтсiн кеудемдi
Жаратқанның кiрпiгiне iлiнген.
Телефонның ар жағынан бер келшi,
Еркiңмен кеп,
Дертiмдi емдеп, дем бершi.
Жас шағымның жалауындай желбiреп,
Ақ сағымның аясында тербелшi.
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Көрдей қуыс көкiрегiме Күн жақшы.
Жанарыма үйiрiлген жасымды
Жалғыз ауыз лебiзiңмен құрғатшы.
...Телефонның ар жағынан тiл қатшы!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кiрпiгiңе жас қондырмайын

  • 0
  • 0

Кiрпiгiңе жас қондырмайын,
Жанарыңды жасқандырмайын.
Жанымда жүршi жарығым менiң,
Шапағын тауға шашқан нұрдайын!

Толық

Ағашқа қаққан сынадай

  • 0
  • 0

Ағашқа қаққан сынадай
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!

Толық

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?!

  • 0
  • 0

Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! –
Аспанда адасып жүр асыл Ай да.
Ақ жүзi алабұртқан, айналайын,
Ақ қарды айналаңа шашып ойна!

Толық

Қарап көріңіз