Өлең, жыр, ақындар

Ана

  • Zaira
  • 08.07.2021
  • 0
  • 1
  • 2051
Анам менің аяулы да ардақты
Сыйлаймын ғой сізді мен өте қатты
Сіздей адам табылмас бұл жалғаннан
Табылса да жетпейді сізге анам.

Анам менің қамқор әрі мейірбан
Біздер үшін өтті талай қиыннан
Қанша іштей қиналып тұрса-дағы
Қиналғанын білдірмеді ол ешқашан.

Анам менің адал әрі кеңпейілді
Арнадым анама мен осы өлеңді
Ақын болып, жыр жазбасам анама
Несіне ақын болып жүрмін онда?

Анасы жоқ адамдар бар өмірде
Олар үшін мына өмір өмір ме?
Анасыз елестету бұл өмірді
Жазаның қиыны ма, жеңілі ме?




Пікірлер (1)

Роза

Өте күштііі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз