Өлең, жыр, ақындар

Сені күттім...

  • 27.06.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Айтылар əн,
Таусылып жазар шумақ,
Сенi күттiм, аяулым, азар шыдап.
Дəл осылай тағатсыз күтушi ем-ау
Қайтар кезiн əкемнiң базаршылап...
Қандыра алмай көңiлдiң құмарын əн,
Сенi күттiм көкжиек мұнарынан.
Шолпысындай Тоқжанның сырлы үнiң бар,
Кетпей қойған Абайдың құлағынан.
Бiр жүрекке дауа мен дару болмай
Өз отыңа өртенiп, жану қандай?!
Сенi күттiм, кешегi от кешуде
Жарын күткен аяулы арулардай.
Арада бiр алдамшы сағым бардай
Сенi күттiм титтей де сабыр қалмай, –
Арман қуған арыстай азаматын
Ауылдағы анасы сағынғандай.
Айтылар əн таусылып, жыр бiткендей
Қалауыма, еркiме тiрлiк көнбей,
Сенi күттiм,
жұмыр жер, бар табиғат
Күн көзiнен шапағат, нұр күткендей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған

  • 0
  • 0

Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған
Қараймын да, бiр əсем ырғақ табам.
Қол ұстасып екеумiз кетсек деймiн
Сонау сайын далаға гүл қаптаған.

Толық

Тiрi екенсiң ғой

  • 0
  • 0

Тiрi екенсiң ғой,
Жүр екенсiң ғой дiн аман.
Төсiнен таудың төскейге таман құлаған
тосыннан қалай тосқауыл тапсын бұлақ – əн?!

Толық

Күйдірдің-ау, құба қыз, қу жүректі

  • 0
  • 0

Күйдірдің-ау, құба қыз, қу жүректі,
Жарым түнде жамылып үлбіректі?..
Көлден ұшып кетті ме көкала үйрек,
Көзімдегі тұп-тұнжыр су дір етті.

Толық

Қарап көріңіз