Өлең, жыр, ақындар

Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң.
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
...Еңiсте жатқан саған еңiреп кеп,
Ұсынып тұр екенмiн үсiген гүл.
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң...
Жүрегiм пəршаланып жас тəнiңмен,
Тарылып сала бердi-ау аспаным кең.
Жасыммен жанар толы, жақпар-жақпар
жартасқа қарай бердiм жасқанумен.
Сүңгiдей сұсты, суық құз қапталы
Қайғыма селт етпедi, мiз бақпады.
Ешкiмнiң қаперiне келер емес
Еңiсте мұздап қаны қыз жатқаны.
Жылатып, еңiретiп бастауын бар
Деп едiм қыз қазасын тас та ауырлар...
...Шөпте шық жылтырайды,
Тоғжан қыздың
төгiлген моншағындай шашбауынан...
Ақша бұлт – орамалы көкте қалып,
Қалқамның құздан ұшып кеткенi анық.
Тарқалған бұрымындай тау өзенi
Барады əлдеқайда беттеп ағып...
Мызғиды мiз бақпастан құзың мына,
Көзiмнен жас тамады жүзiң жуа.
Жаның ба – ұшып кеткен қызғыш анау?
Қаның ба тасқа тамған қызыл қына?
«Қарашы желдiң ерке желiгуiн,
Қарашы гүлдiң жерге төгiлуiн?..»
Естiмей жүрегiмнiң егiлуiн,
Еңiсте жаттың сұлық, Еңiлiгiм...
...Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң,
Жайсыз түс жанға ерiксiз түсiрер мұң.
Безбүйрек емеспiн ғой, мен де сенiң
сағынып жүрегiңдi түсiнермiн...
Аяулым, бүгiн тағы түсiме ендiң...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен ақынмын

  • 0
  • 0

Мен ақынмын –
Періштемін ендеше!
Сенбегендер өзі білсін, сенбесе.
Өзге түгіл Аллаға аян ақиқат

Толық

Тілек

  • 0
  • 0

Көңiл шiркiн бəйтеректей көк тiреп,
Өн бойыма от тамызып өттi леп...
Сағынғанда,
Самалға мұң шақпай-ақ,

Толық

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты

  • 0
  • 0

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты.
Салтанат – сағындырған қалқам аты.
Мақпалдай майдақоңыр мінезі бар,
Жарасқан жамалына мархабаты.

Толық

Қарап көріңіз