Өлең, жыр, ақындар

Мұңлық

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 486
Күннен күнге жүрегiмдi жүдетiп,
Айлар ағып... Бара жатыр жыл өтiп...
Аққу-қазы сыңсып ұшқан айдындай
Мұң тамады кiрпiгiңнен дiр етiп.
Мұң тамады –
Ып-ыстық мұң... Мұздай мұң..,
Қорғасыннан ауыр тартып қыз-қайғың.
Көз-көлiңде бiр көрiнiп, бiр батып,
Қалтаң қаққан қайық мiнiп жүздi ай, күн...
Тiршiлiкке берiп қойып тiзгiнiн,
Жүрегiңнiң естiрте алмай iзгi үнiн,
Жаз жабырқап,
Күз мұңайып,
Қыс тоңып,
Өтiп жатыр, өтiп жатыр қыз күнiң.
Өтiп жатыр Серi – көктем, Сал – көктем,
Əлдеқайда əлдекiммен əндеткен...
Ал сен жүрсiң оңашада ой кешiп,
Жолаушыдай жарты өмiрi жолда өткен.
Той жасады теңiн тауып көп құрбың.
Той жасауды сен де, бəлкiм, ниет қылдың...
Жалғыз ниет жар бола ма, ерге емес,
Ерiнiңдi жел өтiне өптiрдiң.
Мен түсiнсем –
Жiгiттердiң төресiн
Өңiңде емес, түсiңде көп көресiң.
...Кiм аялар, кiм аймалар, қайран-ай,
Бойжеткеннiң күйiп-жанған денесiн?!
Тiршiлiкте, қуанышы, мұңы бар,
Кiмнiң жанын кiм түсiнiп, кiм ұғар?
Кiр шалдырмай асылыңа ең қымбат
Батар күнмен, бəлкiм, көзiң жұмылар...
Мынау жұмыр жер бетiнде ал əзiр
Бiр бойжеткен жалғыз жатып, дара жүр.
Жетiм жүрек, жесiр көңiл сол қызға
Ей, Дүние, көз қырыңды сала жүр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгілдір түс

  • 0
  • 0

Асу да асу белдеймiн,
Аса бiр соққан желдеймiн.
Өрiсте қалған төлдеймiн,
Еңiсте қалған елдеймiн.

Толық

Сенiң ғана...

  • 0
  • 0

Сенiң ғана көзiңе қарағым кеп,
Аса алмаймын əдептен амалым жоқ.
Сөзбен айтып болмастай,
Өн бойымда

Толық

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?

  • 0
  • 0

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?
Мейіріме қанығатын жан бар ма?
Оңашада қалғанда бұл жалғанда,
Сағынатын, қамығатын жан бар ма?

Толық

Қарап көріңіз