Өлең, жыр, ақындар

Сені көрсем

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 791
Ернiң қандай!
Ернiңдi дермiн балдай.
Сенi көрсем кетедi есiм шығып,
Ебелектi елсiзде жел қуғандай.
Көзiң қандай!
Көзiңе көп үңiлем төзiм қалмай.
Қарай қалсаң елжiреп, өне бойда
еритұғын тəрiздi сезiм қардай.
Үнiң қандай!
Көмейiңде қырық құс құбылғандай!
Көрген сайын көңiлiм тоят табар,
Тал бойында ноқаттай мiнiң болмай.
Маңдай қандай!
Маңдайыңа мəңгiлiк Ай қонғандай!
Сенi көрсем жаңылам жүрiсiмнен,
Басым менiң бақыттан айналғандай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгiлдiр дүниенiң көбелегi

  • 0
  • 0

Көгiлдiр дүниенiң көбелегi –
Түсiме перiштелер көп енедi.
Кей күнi асқар шыңға алып шығып,
Кей күнi аспанға алып жөнеледi.

Толық

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?

  • 0
  • 0

Мені қалап, мені ұғатын жан бар ма?
Мейіріме қанығатын жан бар ма?
Оңашада қалғанда бұл жалғанда,
Сағынатын, қамығатын жан бар ма?

Толық

Нармахан Бегалиевке

  • 0
  • 0

Аттадым мен де елуге, сен де елуге,
Елумен неге асықтық «емделуге»?
Елесі егделіктің көлденеңдеп,
Төбесі көрінгендей көмбенің де...

Толық

Қарап көріңіз