Өлең, жыр, ақындар

Аңсау

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 446
Егiлдiм саған, төгiлдiм,
Ғашықтық сырын мың айтып.
Өткiншi мынау өмiрдiң
Өзiмшiлдiгi мұңайтып.
Жалқау жел жалба-жұлба етiп
жауа алмай кеткен бұлттай,
жанымнан менiң күнде өтiп
жайымды жүрдiң бiр ұқпай.
Талқыма тиген тағдырдың
тарылып кейде ауасы,
жаңбырды қанша жаудырдым
жанымның болмай дауасы.
Жүректiң жалын құштарын
тербеткен шақта теңiз көк,
шағала – сағыныштарым
шаңқылдап ұшты сенi iздеп.
Көктеммен келер деп едiм
бақытым, құсым – базарым,
қайрылмай кеттi өлеңiм,
қайрылмай кеттi наз əнiм.
Жұпарын шашып қойнауға
бүршiгiн гүлдiң бүрлеткен,
жайланбай көңiл жайлауға,
тойланбай қалды бiр көктем.
Өлеңшiл жанның қалауын
Өзiң де сезiп, бiлмес пе ең?
Жолыңда қалды жалауым,
Қолымда қалды гүлдестем.
...Қырмызы күннiң қызығы
батысқа барып батқанша-ау.
Үкiлi үмiт үзiгi –
Өзiңдi əр кез тəттi аңсау.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған

  • 0
  • 0

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған,
Бүгiнде əрi шындык, əрi жалған.
Құндыз да жағамызға жараса қап,
Жұлдыз да тұрушы едi жанып алдан.

Толық

Жазда ауылға бара қалсаң, қымыз көп

  • 0
  • 0

Жазда ауылға бара қалсаң, қымыз көп.
Қымызды үйден ынтызарын кім үзбек?
Ақын үйден аттап шықса, «адасар»
Қызық қуып,

Толық

Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің...

  • 0
  • 0

Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің...
Бірмезгіл көңілге аза шектірерсің.
Өлеңіне өлмейтін өмір тілеп
Жер бетінен бір ақын өтті дерсің.

Толық

Қарап көріңіз