Өлең, жыр, ақындар

Қапы қалма, Қамданбай

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2219
Патшашыл, байшыл заманда,
Тұтқын едік тұманда,
Бізге теңдік беріп пе ед.
Жердің жақсы талайын
Таңдамалы шұрайын,
Егуге ерік тиіп пе ед.
Патшашыл, байшыл заманда,
Тұтқын едік тұманда,
Бізге теңдік беріп пе ед.
Жердің жақсы талайын
Таңдамалы шұрайын,
Егуге ерік тиіп пе ед.
Ақтылы қой андаған,
Алалы жылқы аунаған,
Байдың болған жайлауы.
Енді ол жерге біз қожа,
Ие болдық біржола,
Кеңестің әділ байлауы.
Сайын шалқар cap дала,
Бас иеді алдыңа,
Бар пайдасын беруге,
Тамырынан сүт беріп,
Егісіңе құт беріп,
Кел деп төсін керуге.
Еңбекші ауыл маңында,
Кеңестің кең заңында,
Егістен ешкім қалмасын.
Барлық қара шаруа,
Болма еңбексіз ажуа,
Шаруа өсімсіз болмасын.
Еңбекші елдің шаруасын,
Меңгеруге қожасын,
Кооператив артельмен,
Ұйымдассаң трактор,
Бәріңе де дайын тұр,
Барлығына қожа сен.
Қапы болма, қамданбай,
Жарлы-жалшы жан қалмай
Таянды егіс науқаны.
Еңбек керек егіске,
Жетем десең жеңіске,
Олжаң егіс науқаны.
Коллектив пен артельдер,
Қажетіңе арыз бер,
Тиісті жерден аласың,
Соқа-сайман, бидайдың
Тағы басыңа ау-жайдың,
Ертерек білдір шамасын.

21 март, 1929 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақстан

  • 0
  • 0

Бір кезде артта қалған Қазақстан,
Отарлап, үн шығармай патша қысқан,
Советтің ұлы теңдік арқасында,
Өлшеусіз табысым бар белден асқан.

Толық

Ақерке

  • 0
  • 4

Ақерке, ақ күмістей сенің жүзің,
Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.
Ақылың айдын шалқар көл секілді,
Жанарлы қара нәркес екі көзің.

Толық

Біздің еңбек

  • 0
  • 0

Еңбек етіп езіліп жатқан еліне,
Жеміс егіп қазақтың ескі жеріне,
Жетім зарын, елдің қамын баяндап,
Үлгі берген еңбекші қазақ еліне.

Толық

Қарап көріңіз