Өлең, жыр, ақындар

Елемейiн

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 359
Елемейiн,
Еленбейiн десем де
Еркiмдi алдың,
Елiктей қыз, есен бе?
Iңкəрлiк пе, құштарлық па, бiлмеймiн,
Iлкi сезiм не менде бар, не сенде...
Көздерiңе көзiм менiң түспегей,
Iнжу көзден iнжiл алып iшпегей.
Саған, жаным, бұл жасымда не айтамын?
Түк те айта алман,
бəрi-бəрi iште ғой...
Он сегiз – от,
Отпен ойнар қай батыр?
Неге менi кеш шақырдың айна түн?
«Мезгiл жетпей қалмақ па едi гүл солып?» –
Осыны ойлар отызында ойлы ақын.
Ойлаймын да елемеуге бекiнем,
Елемеуге бекiнем де өкiнем.
«Отыз» – деген ойға шомған орманды
Өртермiсiң Он сегiздiң отымен?
Қылығыңмен, тұнығыңмен, көркiңмен
Елiктей қыз, айырдың-ау еркiмнен.
Сезiмiмдi бұрай берiп қайтесiң,
Мен бiр күймiн əлдеқашан шертiлген.
Көзiң жұмып, ернiң тоспа алқына,
Сағынсаң да берiк болшы салтыңа.
Кеш оянған махаббатта кiнə жоқ,
Кеш оятқан мына бiзде бар кiнə!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ аруы

  • 0
  • 0

Шынашақтай шырын шақтан
Шыбын жанға мұңын шаққан...
Қунақ көңiлi, Құдайым-ай,
Аумай қалған Құлыншақтан!

Толық

Асылға балап сені Аққу дедім

  • 0
  • 0

Асылға балап сені Аққу дедім,
Аққудан кем емессің,
нақ білгенім.
Құс-көңіл күнде өзіңе ынтыққанмен,

Толық

Ақыл мен сезім

  • 0
  • 0

Қала ішінде қыз бала адасады,
Шалт қимылға келмейді-ау шамасы əлі?
Таразының еншілеп екі басын
Ақыл, Сезім екіұдай таласады.

Толық

Қарап көріңіз