Өлең, жыр, ақындар

Атылды да жас бұлақ

  • 16.06.2021
  • 0
  • 0
  • 392
Атылды да жас бұлақ
бір дір етіп тоқтады.
Анау кәрі тас бірақ
күліп жатқан жоқ па әлі?..
Бөрі де үнсіз, қатты айып
еткен жандай налып тұр.
Қап, қап, қап деп ақ қайың
санын соғып қалыпты.
Қалып едің жұқарып —
сырыңды, дос, аңдап аш.
Селк етті де бұтағы
түйін салды алма ағаш.
Бұта саусағы ғұмыры
болмағанға ұсайды.
Әрнеге ой жүгіріп
алдағанға ұсайды.
"Құдай", "құдай", "құдай" деп
жалғыз тамшы ыршып жүр.
Қайран жастығым-ай деп,
Қарағаш бір күрсінді.
Жел де тынды, тоқтады ал, —
жел тынды деп кім айтқан? —
Жапырақтар тек қана...
О, кішкене суайттар.
Айыбымды, қайтейін,
ерлік санап мен тұрдым.
Күлгендердің әйтеуір
алдына бір келтірдім.
Бір шумақ жаздым,
дес бермей
мақтады достар: "пай-пай-пай".
Ыссылап суға түскендей
рақаттандым: хай-хай-хай.
Бес дастан жаздым, құрсыншы,
жақсы жаздым-ау, байқаймын.
Балғалады кеп бір сыншы,
айтпайды ешкім "пай-пайды".
"Жақсы ақындар сөйлесін,
жақсы ойға ақын бай тіпті".
Бақсам, мұны кей достым
көңілім үшін айтыпты.
Қоңыр ой кеп басқа мың,
қоңырайып қалған жан.
Өтірігіңнен, достарым,
өмір, сенің балғаңнан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күншығыс қызыл туын көкке байлап

  • 0
  • 0

Күншығыс қызыл туын көкке байлап,
Дір етіп нұрға балқып тоқтады аймақ.
Мойыны ұзарыпты қарт шыңдардың,
Мұнартып күншығысқа көп қарайлап.

Толық

Хабар, хабаршы

  • 0
  • 0

Таң алдында бір қызыл ту қанатты:
— Таң атты, — деп хабарлады.
— Таң атты!
Көкжиектің көгіс-сұрқай еріні

Толық

Жаңбыр

  • 0
  • 0

Жаңбыр жауды,
хал мүшкіл,
көлік сирек — кешіктім.
Алқынып кеп жабыстым

Толық

Қарап көріңіз