Өлең, жыр, ақындар

Аэроплан

  • 22.11.2015
  • 0
  • 1
  • 2751
Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағыңды құрметте
Көрсетсін үлгі далаңа...
Айтайын ба, ертені,
Баяғыда ертегі,
Ертегі еске салғалы
Есептесең ерте еді.
Ертегінің қиялы,
Болжап еді қияны,
Сол қиялдан ұл туды,
Болды ма кәне зияны.
Ертегіде бір жас ер
Аралапты талай жер.
Жол іздеген жігітке
Кез болыпты дуакер.
Оқымысты дуакер,
Өнерлі екен тым шебер,
Жан салыпты кілемге,
Жаяу жүрмін дегенге.
Кілемге жігіт мініпті,
Аспанға ұшып шығыпты,
Қиялмен ұшқан кілем-ат,
Дүниенің төрт бүрышын
Сонымен жігіт көріпті.
Қап тауынан қауіпті,
Сүйгенін жігіт тауыпты.
Талай теңіз, талай тау,
Бөгет болмай қалыпты.
Сол заманның киялы
Білімменен іске асты.
Аспанға ұшып адамзат,
Ай, күнменен тілдесті.
Аэроплан - ұшқыр құс,
Сәуледен озып өткен құс,
Еңбекшілер дүниесін,
Көгертетін осы күш.
Жаңа оянған жас қазақ,
Қонақ келді ордаңа.
Қонағыңды құрметте,
Көрсетсін өнер далаңа.



Пікірлер (1)

Адемі

Маған Иса Байзақовтың барлық өлендері ұнайды.Және шығармалары,яғни Иса маған қатты ұнайды

Пікір қалдырыңыз

Өнер

  • 0
  • 2

Жігіттер өнер үйрен заманында,
Теңшілдік түгелімен өз қолында.
Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа,
Талабың алға басып тұрғаныңда.

Толық

Екінші желдірме

  • 0
  • 0

Жұмыскер еңбегіне сенетұғын,
Болса да нендей қиын жеңетұғын,
Айнымас алып күштің арқасында,
Құлпыртып тұрмысқа гүл егетұғын.

Толық

Бүгін дала

  • 0
  • 0

Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
Кешегі құмайт дала шаңырқаған,
Бүгін, міне, тамаша таң қалғандай.

Толық

Қарап көріңіз