Өлең, жыр, ақындар

Көктөбет

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 432
О, көктөбет, көктөбет,
шынжырлаулы қалпында-ақ,
арпалыса бересің,
айналаңа арпылдап,
үресің де жүресің
қаңқылдап та маңқылдап...
Мен дегенде жының бар —
Жауыңнан да жат көріп,
жұлқынып та бітесің
тап-тап беріп, тап беріп,
қылқынып та бітесің,
қарғыбауыңды үзердей
ортасынан қақ бөліп.
Сүйек-саяқ тастасам —
жүліктерше жылмаңдап,
жығылады жүнің де,
құйрық жағың бұлғаңдап,
қыңсылап та қылмаңдап,
бауырыңмен құм қармап,
тұрғаныңды білмейсің (өзіңді ме) кімді алдап.
Не десек те,
итсің ғой,
ендеше тек үріп қал,
жеті атаңнан кісіге үру деген ғұрып бар,
дүниенің сен үшін шыр айнала бергені,
лайлана бергені жақсы емес не тұнықтар!
Үріп қал тек, үріп қал!
Ырылдап қал, ырылда,
ығытыңа келгенде — әке десе бұрылма,
айтағы бар иеңнің қасындасың, қорықпа,
арсылда да қалшылда,
басылмасын "жының" да.
Зыр жүгіре зырылдап,
ырылдап қал, ырылдап,
арам болсаң — абырой,
қабар болсаң — бұрын қап!
Жанай өтер тұсыңнан жақсылар бар,
ғаріп бар,
жайы келе бермейді иттің оны анықтар,
қарсы алдына талтайып тұра қал да көлденең,
қаба алмаған күнде де,
сонадайдан сарып қал!
Кім біледі, Көктөбет,
тіс керек те қабуға,
сару үшін — көт керек!
Адам көрсең одан да
аласұра ырылдап,
абыройын тек те кет!
Көкпарлыдан дәметіп,
шоқпарлыдан бұғын да,
елдің сөзін қайтесің,
көмейіңді тығында,
"Оңбаған ит екен!" — деп,
әрі кетсе күлер ел,
тойған жерді мекендеп,
қойған жерде — үре бер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не жазам!

  • 0
  • 0

Не туралы жазбақпын? —
Баянсызын айтсам ба әлде басымдағы аз бақтың,
кімнің ғана қам көңілін көншітіп,
кімнің отын маздаттым?

Толық

Құмырсқа бел, қаз омырау

  • 0
  • 0

Құмырсқа бел, қаз омырау,
Аққу мойын, алма бет қыз,
Жарқылдаған жаз едің-ау
Жана жаздап қалған ек біз.

Толық

Есіңде ме?

  • 0
  • 0

Есіңде ме?..
Көктөбе... ақ күміс күн...
Құшып ыстық өзіңді, қатты қыстым.
Құйын болып өткендей болды-ау, дүние,

Толық

Қарап көріңіз