Өлең, жыр, ақындар

Бірінші желдірме

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8893
Ал, алқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын,
Өнердің қиясына шыққан сайын,
Болаттай тастан табан таймайтұғын.

Жөнелдім желдірмемен желдей есіп,
Қырандай аспандағы талмайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей;
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.

Дабылы дауылпаздай шарықтаған,
Екпіні самолеттей заулайтұғын.
Талапты жастарымыз үйреніп ал,
Ән еді желдірме атты самғайтұғын.

Құлаштап өлеңіммен шарықтаймын,
Қарыштап шапқан сайын жалықпаймын
Гүлденген күннен-күнге Отанымның,
Өскенін айтқан сайын анықтаймын.

Шаттықтың желдірмесі, міне, қандай,
Құйылған үсті-үстіне үні талмай.
Талапты өнерпазы заманымның
Тасқыны өрге жүзген дәл осылай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақтандым бүгін, мақтандым

  • 0
  • 0

Мақтандым бүгін, мақтандым
Төбем жетіп аспанға.
Үміт сырын ақтардым,
Қоймайын деп қашсаң да.

Толық

Қызыл әскер

  • 0
  • 0

Қызыл әскер қырағы қайнайтұғын,
Нажағайдай майданда ойнайтұғын,
Еңбекшілер қорғаны Отанының,
Жарақтарын жаукөрсе сайлайтұғын.

Толық

Сімет

  • 0
  • 0

Алтайдың кен шығардым саласынан,
Биік құз, терең жартас арасынан.
Көк балға, жарқылдаған болат сүймен,
От шығады соққанда жартасынан.

Толық

Қарап көріңіз