Өлең, жыр, ақындар

Сыбырлап

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 276
Сыбырлап,
сайтан сені азғырғанша,
сенем деп,
жасағанға жаздым қанша, —
селт етпес "сері" қазақ деген осы,
өз көрін өзіне кеп қаздырғанша!...
Ұшқанша өз басынан әсте бақыт,
табандап тұрыпты кім бәсте қатып,—
қанша жыл аспен атқан көңілімді
талқан ғып өте шықтың таспен атып!...
Сол шақта-ақ солғын тарта сөніп рең,
шайнап ем бармағымды, кеміріп ем, —
қу тағдыр қайда барсам ит пен құсқа
жем етіп қойғаны-ай деп мені кілең!
Әйтеуір бірі едім деп әйгілінің
қазақтың айта берем қай қылығын,—
мақтауға келгенде де, даттауға да
аспанға шығарады айды бүгін.
"Құйрығы бір-ақ тұтам", — деп отырып,
айтуға аса құмар көбі өтірік, —
мақтаса — пайғамбардан әрі асыра,
даттаса — аш бөрідей өре тұрып.
Не шығар енді келіп жазғырғаннан,
ойланбай, орың болса — қаздыр қалған.
... Білмейсің қандай амал жасарыңды,
қай жаққа қашарыңды азғындардан!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақтыбай

  • 0
  • 0

Жеткен соң үнің көкке,
жырың көпке,
атағың шығыпты ғой дүрілдеп те,
көздерін бақырайтып хан-төренің,

Толық

Сен барда

  • 0
  • 0

Сыңсытып көңілімнің бар сырнайын,
сен барда
дүниені тарсынбайын,
болмасын жақсылыққа өмір ділгір,

Толық

Белгісіз

  • 0
  • 0

Не шығар енді келіп өкінгенмен,
қамығып,
қадіріңді кетіргеннен,—
көп қыздың бірі екенсің, қарағым-ай,

Толық

Қарап көріңіз