Өлең, жыр, ақындар

Тамсантып күнде таңдайды еріткен

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 458
Тамсантып күнде таңдайды еріткен,
қандай әдемі, қандай көрікті-ең!
Күні-түні қызып жүрсін деп мені.
үмітімді үзік жалғай келіп пе ең?
Алдай келіп пе ең?!
Қандай әдемі, қандай керім ең!—
Жанымда жүрер жандай көріп ем,
Бұтағын үзіп құрым ағаштың,
бұрыла қаштың...— алдай беріп ем!
Қандай берік ең!..
Таңдай тұп-тұнық, балдай еріген,
қандай сүйкімді, қандай керім ең!
Қарамай бурыл шашыма қалқам,
қасыңа біраз қалмай еріп ем.
қардай ерігем...
Алдыра қойған арман қай елін,—
үріп ауызға салғандай едің,
тірі бауыздап өттің де бүгін
кеттің бе, күнім?—
Қандай бала едің!
Қандай бала едің!..
Айырылып асық қалмай ма еріктен,
апыр-ай, қалқам, қандай көрікті ең!
Тағдырды-ай мына, жұрттың алдында
алынбас өші бардай кеміткен!
Жанбай келіп пе ең?
Соңымнан әлі қалмай сүйкімді үн,
жағадағы жас талдай сілкіндім.
Тамсана келе дәмі де кетті,
мәні де кетті таңдай шіркіннің!
Талдай сілкіндім..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ шағалам

  • 0
  • 0

Ақ шағалам!
өзің барда болып па ем басқаға алаң,
Өзің барда, апыр-ау, көзге іліп пе ем,
аяғымның астында жатса ғалам!

Толық

Нұрмахан Оразбеков

  • 0
  • 0

Ауыздыларға сөз бермей
Асыға жүріп өзгермей,
Таразы басын тең ұстап,
Теңселіп тұрған безбендей.

Толық

Белгісіз

  • 0
  • 0

Не шығар енді келіп өкінгенмен,
қамығып,
қадіріңді кетіргеннен,—
көп қыздың бірі екенсің, қарағым-ай,

Толық

Қарап көріңіз