Өлең, жыр, ақындар

Жаңғырық

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 284
- А-һа-һа! Е-һе-һе!-леп,- айқайладық,
Алатау аппақ басын шайқай ма анық.—
Өз сөзім өзіме сор болды қанша,
жаңғырып,
жақпалдарды қайта айналып...
Өзіме аударам ба бар күнәні,—
Байқа!— деп таулар тағы жаңғырады.
Көріп ем көп сырымды қағазға айтып,
оны да қағып алып...
қалғымады.
Айқайла,
айқайлама—
кім еледі,
естісе — есерің де күлер еді,—
Оңаша не десең де,
"е" десең де,
өз сөзің өзіңе кеп тіреледі.
Тіге ме тас құлағын,
жар бұрылып,
жатқаны не десең де жаңғырығып.
Сырымды алды біліп сұмырайлар,
сыртымнан енді бірі қалды күліп.
Құпиям — кісіге айтпас қанша менің,—
жетсе деп жетеліге аңсап едім,
Күбір ете түседі сенен бұрын,
жыбыр ете бастаса сәл-пәл ерін.
Дауысым жетпеді ме көпке менің,
несіне бос арамтер боп келемін.
Сондықтан
ауылға да,
бауырға да
артық сөз айтпасқа енді серт беремін.
Кем айтып, артық айтып енді ешкімге,
сөзімді желге ұшыра бермеспін де.
Күтпей-ақ қайырымын, қойдым, тегі,
жұрағат,
жора-жолдас,
жерлестің де...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаймығады

  • 0
  • 0

Тірі жанның берместей біріне есе,
көкірегім зор еді күні кеше,
ұрандаса кетуге әзір едім,
қайраты бар қазақтың ұлы десе.

Толық

Сері ме

  • 0
  • 0

Сері ме,
селтеңі ме,
пері ме едім,
байыппен бағалапты мені де кім, —

Толық

Арғымақ күйші бала

  • 0
  • 0

Пай-пай, о-ой!...
Екпіні үйді жығып, жар құлатқан,
Селтиіп, соңындағы ел шанды қапқан,
Қарадай қалтырайды

Толық

Қарап көріңіз