Өлең, жыр, ақындар

Сапарда

  • 15.05.2021
  • 0
  • 0
  • 2274
Төніп әуе,
Тұнып теңіз,
Қызықтырған басында,
Ыңсыз, желсіз,
Теңіз елсіз...
Үміт
Ілгері асуда.
Қайықты сырып,
Кеттік бұғып
Алыс жолға -
Жыраққа!
Көзді жас қып,
Қош-қоштастық
Қара кемер -
Құраққа.
Үзлік-создық
Жүрдік, жүздік.
Көк теңізді айырып,
Су да шусыз.
Біз қайғысыз.
Кеттік ұзақ
Ай жүріп.

Таппай жаға,
Су сақыраға,
Күн жығылып сүңгиді.
Жылдам, шапшаң
Жамырап сам,
Түн түнжырап
Мүлгиді.
Желпіп теңіз,
Шықты лебіз,
Көкті бұлт торлады.
Қайық қылпылдап.
Су ылпылдап,
Бізге безгек
Орнады.
Біз шалқалап,
Желді арқалап,
Кеттік бетсіз түу-түуге.
- Аһу-ұу-шу!
Салды бізді
Шүу-шүуге.
Сапырып теңіз
Жел соғады.
Қалтыл қайық толқында.
Ақырын теңіз,
Сең соғады,
Кеткен жүрек
Қорқуда.
Таудай қайқаң,
Шұңқыр, ойпаң,
Әлсіз отпен көз түсті.
Көлденеңдеп,
Көкке өрмелеп,
Жынды толқын
Сүзісті.
Қара жаңбыр,
Сыр-сыр, сыр-сыр...
Сорғалады, сорлады.
Үпі әулие,
Сүлеймен де
Түк септігі болмады.
Мәңгі-мәңгі,
Қап-қараңғы,
Соқыр көзді жұмғандай.
Үсті желең,
Асты терең...
Өмір зымиян
Зындандай.

Әлдеқайда?
Қандай жайға?
Келдік, кеттік белгісіз.
Қандай мекен?
Қай жақ екен?
Ажыратып ми
Бергісіз.
Кетті сүрек,
Өлді жүрек,
Сезім-сана қалған жоқ,
Еш шықпаған
Өлімтік жан,
Сенде аһлау,
Арман жоқ.
Жүздір-жүздік,
Соққы көрдік,
Бәсеңдеді жел-дауыл.
Соққан толқын,
Тартқан опқын,
Ақырындады
Жай ауыр.
Жыртылды бұлт,
Етті жылт-жылт,
Сығалайды «босаға»
Маған әлі
Қап-қараңғы.
Бетсіз-шетсіз
Осы ара.
Үріккен үркер-
Ұшқан арқар;
Ол да біздей адасқан.
«Жетіқарақшы»-
Көталақшы;
Кімге тауып
Жол ашқан?
«Ақбозат» та,
«Көкбозат» та.
Арқандаулы, байлаулы.
Алыс па арал?
Қоңыр самал
Бұлтты түріп айдаулы.
Біз сенбейміз,
Бос «жел» дейміз,
Үркер-арқар, өңгені.
Біз іздейміз,
Біз көздейміз
Аумас қазық шегені.
«Темірқазық»
Бойын жазып,
Шықты бұлттан жалтылдап.
Бет түзедік,
«Ал жүзелік!»
Дестік
Қайық қалтылдап.
Қажып-талма,
Жеттік таңға.
Жел басылар, түн де өтер.
Аумас қазық,
Талма қажып,
Ел қарасын көрсетер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім десем

  • 1
  • 2

Ай жарық, нұры балқып тұрған түні,
Жарасып, жалтылдасып жұлдыз сыны,
Шағында аңсыз, дыңсыз қыбырлаған,
Дейтін - ақ секілденіп әлдекімі.

Толық

Құсайын өлеңдерінен

  • 0
  • 0

Айрылдың қайран қазақ Есіліңнен,
Қарекет жиған-терген несібеңнен.
Тірідей бозбаланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен.

Толық

Шаттық жыры

  • 0
  • 0

Шаттық жыр ағыл - тегіл, жаз қаламым,
Шат өмір шалқуыңа аз ба жаным!
Байғұс - ау, баяғы күн есіңде ме,
Қорлықпен құлап қала жаздағаның?

Толық

Қарап көріңіз