Өлең, жыр, ақындар

Қазығына қайта айналып күреңім

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 279
Қазығына қайта айналып күреңім,
қарап жүріп қажыды ма жүрегім,
құтырғанның күлкісінен қорынып,
жұрт ішінен таппай қойдым бір емін!
Үлгі болар үлкеніңнің түрі анау,—
білетіні — бірін-бірі кінәлау.
Ұлдарыңның сырты ғана жылтырап,
ұлтыңа да ұры-қары ұнады-ау!
Көкіректе кешегі бір ән қалғып,
ерте тұрып — еститінің жалғандық.
Арланбасқа, алданбасқа шараң не,
ақыры кеп таңданбасқа — таң қалдық.
Өле жүріп, өткелектен өткен біз,
өзгеге емес, өзімізге кекті елміз.
Алдық көніп, жәндік теріп, жан бағып,
бара-бара мәңгүрттеніп кеткенбіз!
Бабамызды баламызға жамандап,
күн көруді кеп ойладық амалдап.
Қаншама бір ақты көзің, ағайын,
жақын тартқан жаттың өзін тағы алдап!
Пана болмай баяғы бір ықтырмаң,
көп қасиет кетті білем мықты ұлдан,—
Қабілетін күн көріске сарп етіп,
мерез дүние өбілетін жұқтырған.
Қазығына қайта оралып күреңім,
қарап жүріп қажыды ма жүрегім,—
күлкішіл өң қаптағанға күйініп,
жұрт ішінен таппағанға бір емін! 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дау

  • 0
  • 0

Айналамды қоршаған, қаумалаған
ағайынның барлығы жау ма маған?!—
Ақ сөйлесем болғаны, адал айтып,
айықпас бір алапес дауға қалам.

Толық

Қаймығады

  • 0
  • 0

Тірі жанның берместей біріне есе,
көкірегім зор еді күні кеше,
ұрандаса кетуге әзір едім,
қайраты бар қазақтың ұлы десе.

Толық

Өз үйім

  • 0
  • 0

Өз үйім — өлең төсек — ұям менің,
қаншама шарлатпадың қиял көлін,
Осында бипазым да,
ұйқы аз ұлға,

Толық

Қарап көріңіз