Өлең, жыр, ақындар

Ауылға сәлем

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1287
Ел жаққа кетіп барам де...
Сәлем айт онда бәріне,
Өзі де келіп қалар де,
Жолыққан жасқа, кәріге.
Достарға жете «қағынып»,
Саласыңдар-ау бір «гөлайт»,
Мені де бәрін сағынып,
Сағынып қатты жүр деп айт.
Арнайы сәлем ауылға
Айта бар осы барғанда.
Тұрған шығар-ау тауым да,
Шалқая қарап жалғанға.
Қарттарым қанша бар елде,
Татпаған менсіз таңда дәм.
Бәріне менен сәлем де
Сағынып жүр деп жан балаң.
Сәлем айт,
Көрсең қыз-қылаң,
Жазатын сирек хат қана,
Көтеріп мені ызғыған,
Сәлем айт ақбоз атқа да.
Ақбозым жүзіп су ішкен,
Өзенге сәлем Тентектей.
Сәлем айт досқа туыспен
Әр сөзі болған ертектей.
Сәлем айт туған далама,
Теңізге табан тіреген.
Көзіңді қырға қада да,
Оқып бер менен бір өлең.
Сағынып,
Қанша өртенгем,
Жайым жоқ шалқып, шайқалар,
Барып та қалам ертеңдер,
Бәріне сәлем айта бар.
Өзі де мұнда құмар де,
Кетпейді деп айт тегі елден,
Осында келіп құлар де,
Айырса «құдай» елеңнен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен де бірі сияқты ең сүйкімдінің

  • 0
  • 0

Сен де бірі сияқты ең сүйкімдінің,
көкірегі көрікті күй тілдінің, ...
Осы араға келгенде жасып-ақ тұр,
қашып-ақ тұр, қайтейін, ұйқым бүгін.

Толық

Басынба

  • 0
  • 0

Тасуын-ай,
Басынуы-ай мынаның, —
Жақпай қойды жұртым ғашық жыр — әнім,
Өзімді әлді, сөзім дәмді демейтін

Толық

Іні

  • 0
  • 0

Бойыма сіңбей асы басқаның,
арнама сыймай тасып, асқамын,
бұлттанып бір сәт көрмес дейтін ем
қашанда шәйдай ашық аспаным!

Толық

Қарап көріңіз