Өлең, жыр, ақындар

Не жақсы

Бір дегенде не жақсы
Адал жүрек, бал дәурен
Балалық кез сол жақсы
Екi дегенде не жақсы
Еріншек болмай, ерінбей
Еңбек етсең сол жақсы
Үш дегенде не жақсы
Сәулелi емiр шырағың
Сөнбесе үміт сол жақсы
Төрт дегенде не жақсы
Ашық болып көгіміз
Тыныш болса сол жақсы
Бес дегенде не жақсы
Алға қойған мақсатың
Орындалса сол жақсы
Алты дегенде не жақсы
Өркениеті елімнің
Гүлденгені сол жақсы
Жетi дегенде не жақсы
Бiлiмдi боп ұрпағым
Желкілдеп өссе сол жақсы
Сегiз дегенде не жақсы
Қатарыңа әрқашан
Сенiмсiз болма сол жақсы
Тоғыз дегенде не жақсы
Торқалы тойға сүбелі
Үлес қоссаң сол жақсы
Он дегенде не жақсы
Адам болып қалсаңыз
Мына қысқа ғұмырда
Бәрінен де сол жақсы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балақан

  • 1
  • 0

Атасының ботасы
Әкесiнiң қозысы
Атасының құлыны
Әкесiнің жұлыны

Толық

Құбылып шыққан сырнайсың

  • 0
  • 0

Құбылып шыққан сырнайсың
Жүректің жырын жырлайсың
Жанымды менiң паршалап,
Тәнiмдi менiң турайсың.

Толық

Сағындым

  • 0
  • 0

Тай құлындай тебіскен,
Құрдасымды сағындым.
Оңашада отырар,
Сырласымды сағындым.

Толық

Қарап көріңіз