Өлең, жыр, ақындар

Ақталады әке сенімі

Мен өмірге келгенде қуаныпты ерекше,
Қорған бопты жаныма,ту сыртымнан жел өпсе,
Тоңдай жібіп әкемнің ,елжірепті жүрегі
Дүниеде осынау менде бопты тілегі.

Тұңғышы да,кенже де мен екенмін бүгінде,
«Әке үмітін ақтаймын»деп сөйлейді тілімде.
Жанарынан әкемнің сенім,мейір тарайды
Жүрегіме құйылған нұр секілді арайлы.

Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай,
Қара жерді басқызбай,қара терді аққызбай
Келеді әкем жүгімді төбесіне көтеріп,
Әкемнің сол сенімі қалса деймін өтеліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер