Өлең, жыр, ақындар

Артықша туған азамат

  • 21.11.2015
  • 0
  • 8
  • 29366
Жігіттіктің кезінде
Жігерлі болса, ер болар.
Тұрмаса жігіт сөзінде,
Нәсілі оның кем болар.

Қажырлы болса майданда,
Халыққа сөзі ем болар.
Ел үшін туған ерлердің
Алды-арты дария - кең болар.

Бірлігі кетсе ағайын,
Әркімдерге жем болар.
Білімсіз болса жолдасың,
Кылған қайырың сел болар.

Артықша туған азамат
Халыққа үлкен бел болар.
Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды.

Өршеленген кезеңде
Өлімді кім ойлайды.
Жігері болса жігітің,
Орындамай қоймайды.

Атқан оқтан қайтпайтын,
Өтірік сөз айтпайтын,
Кезеңді жерде кез болса,
Қорқып тізгін тартпайтын

Батыр Қараш, Саурық,
Шапырашты, Өтеген
Батырлардың еңбегі
Таныс маған ертеден.



Пікірлер (8)

Алтынай

Керемет

айдын

оте керемет бул оленди мндетти турде жаттап алам

Жансая

Мен 19 такпак 1дастан былемын

Алсу

Мағынасы терең екен...

Салтанат

Өте керемет.сөз жоқ!!!!

Қайнам

базар жоқ

Аяжан

Мен бұны жарысқа арнап іздедім көп рахметт

Пікір қалдырыңыз

Октябрь толғауы

  • 0
  • 0

Добырамды қолға алсам,
Айналама көз салсам,
Ағыл-тегіл жыр келер,
Қартайған бұл шағымда

Толық

Қызыл әскерге

  • 0
  • 0

Құрыш күш, жарқылдаған болат семсер
Құралған ауыр күнде қызыләскер,
Жатқанда күн менен түн арпалысып.
Бастаған сені Ленин, Сталин ер.

Толық

Жеңіс жырын сайраңдар!

  • 0
  • 2

О балалар, балалар,
Қарашығы көзімнің,
Қуанышы сөзімнің;
Кеудемдегі жүрегім,

Толық

Қарап көріңіз